Қазақстан мен Корея сирек металдар өндірісін бірлесіп дамытпақ
© Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия – Корея Республикасы" саммитінде аса маңызды минералдар саласындағы серіктестікті күшейту жөнінде ұсыныс айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент Қазақстанның ресурстық базасы мол екенін және еліміз сирек кездесетін металдар қоры бойынша әлемдік көшбасшылардың қатарына кіретінін атап өтті.
"Корея стратегиялық санатқа жатқызатын 10 минерал түрінің бәрі де елімізде бар. Қазақстанның ресурстық әлеуеті мен Кореяның технологиялық мүмкіндіктерін үйлестіру өзара тиімді ынтымақтастық үшін кең мүмкіндіктерге жол ашады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, сапар аясында Алматыда Кореяның технологиялық ықпалдастық институтының (KIAT) көмегімен Сирек және сирек кездесетін металдарды зерттеу орталығын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Президент аса маңызды шикізатты зерттеу мен өндіруден бастап, оны терең өңдеу және қосылған құны жоғары дайын өнім шығаруға дейінгі толық өндірістік цикл қалыптастыру қажет екенін айтты.
"Қарапайым тілмен айтқанда, жартылай өткізгіштер, микроэлектроника, аккумулятор, электромобиль мен роботты техника бөлшектерін өндіруге көшуіміз керек. Бұл міндетті орындау үшін бірлескен қазақ-корей компаниясын құруды ұсынамыз", – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев су қауіпсіздігі мен өңірдегі экологиялық тепе-теңдікті сақтау мәселесіне де тоқталды.
Президенттің айтуынша, Қазақстанда су шаруашылығы инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2030 жылға дейін 42 жаңа су қоймасын салу, 14,5 мың шақырым суару арнасын жаңарту және су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу жоспарланған.
Мемлекет басшысы климаттың өзгеруі, су тапшылығы және табиғи экожүйелердің тозуы Орталық Азияның әлеуметтік-экономикалық дамуына кері әсер етіп жатқанын атап өтті.
"Қазақстан Кореяның біз үшін өте маңызды әрі шетін салаға қатысты озық технологиясы мен жинаған тәжірибесін бөлісу ниетін жоғары бағалайды. Кореяның су үнемдеуге, судың цифрлық есебін жүргізуге арналған технологияларын меңгеруге және заманауи су шаруашылығы инфрақұрылымын дамытуға бағытталған ортақ бағдарламаны іске қосқан дұрыс деп санаймын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:00, 16 қыркүйек 2026
Қазақстанда криптовалютамен қалай төлем жасауға болады
-
14:51, 16 қыркүйек 2026
Қазақстан құс пен жұмыртқа импортына жыл сайын 178 млрд теңге жұмсайды: депутаттар жағдайды өзгертуді ұсынды
-
14:42, 16 қыркүйек 2026
Лондондағы сыра тасқынынан 8 адам қаза тапты
-
14:36, 16 қыркүйек 2026
Орталық Азия мен Корея жастарына арналған жаңа бағдарлама әзірленуі мүмкін
-
14:31, 16 қыркүйек 2026
Тоқаев Орталық Азияға арналған AI Talent бағдарламасын іске қосуды ұсынды





