Депутат жұмыссыз жастардың жағдайына алаңдады: Олар деструктивті қауіптерге бейім
© Фото: freepik
Құрылтай депутаты Дидарбек Ділдәбек 2026 жылғы 16 қыркүйектегі пленарлық отырыста оқымайтын әрі жұмыс істемейтін жастарды ірі базарлардан, вокзалдардан, жұмысшы кенттері мен қала маңынан іздеуді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Ол Ұлттық статистика бюросының мәліметтерін келтірді. Оған сәйкес, елімізде еш жерде оқымайтын және жұмыс істемейтін 15 пен 34 жас аралығындағы жастардың (NEET санаты) үлесі 5,8%-ды құрайды.
"100 мыңнан астам жас азамат жұмыссыз ретінде тіркелген. Тағы 300 мыңнан астамы уақытша немесе жасырын жұмыссыздар санатына жатады. Бұл топ – деструктивті қауіптерге бейім ең осал орта", – деді депутат.
Жағдайды өзгерту үшін депутат жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлерін жастар көп жиналатын орындарға – ірі базарлар мен вокзалдарға, жұмысшы кенттері мен қала маңындағы елді мекендерге жіберіп, көшпелі консультациялық пункттер ұйымдастыруды ұсынды.
Сондай-ақ ол уәкілетті министрліктерге "Smart Data Ukimet" жүйесінде автоматты алгоритм енгізуді ұсынды. Оған сәйкес, 15 пен 35 жас аралығындағы азамат оқуын тоқтатса немесе оның атына зейнетақы жарналары түспей қалса, eGov Mobile арқылы атаулы SMS-ұсыныс жіберілуі керек.
"Жергілікті бюджеттерден имидждік форумдар мен акцияларға жұмсалатын шығындарға мораторий енгізіп, үнемделген қаражатты ауылдық және аудандық деңгейдегі жастар ресурстық орталықтары инспекторларының еңбекақысын арттыруға бағыттауды ұсынамыз", – деп қорытындылады Дидарбек Ділдәбек.
Бұған дейін депутат Мейраш Шынасылова жүргізуші куәлігін алу емтихандарын өткізу тәртібін қалай жетілдіруге болатынын айтқан еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:26, 16 қыркүйек 2026
Қазақстандағы 2,6 мыңға жуық ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізіледі
-
16:22, 16 қыркүйек 2026
Олжас Бектенов әкімдерге жылу нысандарын жеке бақылауда ұстауды тапсырды
-
16:17, 16 қыркүйек 2026
Алматының Бостандық ауданында суық су уақытша өшіріледі
-
16:12, 16 қыркүйек 2026
Алматыға жазғы ыстық қайта оралады
-
16:05, 16 қыркүйек 2026
Қазақстанның ақылы жолдарында жыл басынан бері 661 мыңнан астам жол ережесін бұзу фактісі тіркелген





