«Құндылықтар, этика, болашақ». Ерлан Қарин ішкі саясат басымдықтарын атады
© Фото: zakon.kz
Вице-президент Ерлан Қарин ішкі саясаттың басымдықтарын атады. Оның айтуынша, бұл - құндылықтар, этика, болашақ, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бірінші – конституциялық құндылықтар. Бұлар президент Қасым-Жомарт Тоқаев реформаларының стратегиялық бағытының негізін құрайды. Бұл – Заң және Тәртіптің үстемдігі, жалпыұлттық бірлік, этносаралық және конфессияаралық келісім, мәдениет және білім, ғылым және инновациялар, еңбекқорлық және прогресс құндылықтары, қоршаған ортаға қамқорлық, жауапты әрі жасампаз патриотизм", деп жазды Ерлан Қарин өзінің Telegram арнасында.
Оның айтуынша, салалық органдар президенттің "Қазақстан Республикасының ішкі саясатының негізгі қағидаттарын, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы" Жарлығын және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қабылданған Конституцияны ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарын тыңғылықты түрде іске асыруға баса назар аударуға тиіс.
"Ата Заңның негізгі ережелерін түсіндіріп, конституциялық құндылықтарды дәріптеуге қатысты жүйелі сараптамалық-әдістемелік, ақпараттық және мәдени-ағартушылық жұмыстар жүргізу қажет", деп атап өтті бұл ретте вице-президент.
Екінші – жаңа қоғамдық этика.
"Бұл қоғамда прогрессивті нормалар мен мінез-құлық үлгілерін орнықтыруды, өзіндік құндылықтар негізін нығайтуды, қоғамдық өмірді кері тартуға және тарихи фактілерді бұрмалауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруды білдіреді. "Заң және Тәртіп" қағидатын практикалық тұрғыда іске асыруға, "Таза Қазақстан" жобасын сапалы жүргізуге және "Адал азамат" тәрбие бағдарламасын тиімді жүзеге асыруға ерекше назар аударылуға тиіс. Жұмыстың жаңа тәсілдері мен форматтары қажет. Атап айтқанда, бірыңғай цифрлық платформа құру, ұлттық тазалық стандарты мен өңірлердің тазалық рейтингін енгізу арқылы президенттің "Таза Қазақстан" бастамасын кең ауқымда іске асыру керек", - дейді Ерлан Қарин.
Үшінші – болашаққа ұмтылыс. Бұл – ғылым мен білім, инновациялар мен технологиялар, мәдениет пен ағартушылық арқылы адам капиталын дамытуға баса мән беру.
"Тұжырымдамалық бағыт Мемлекет басшысының бастамасымен әзірленген стратегиялық құжаттарда айқындалған. Бұл – ең алдымен "Қазақстан балалары", "Оқитын ұлт", "Digital Qazaqstan" және басқалары. Негізгі мақсат – болашаққа сеніммен қарайтын күшті мемлекет пен прогрессивті қоғам құру.Осылайша, үш басымдықтың барлығы біз қандай қоғам құрып жатырмыз және қандай елде өмір сүреміз деген басты сұрақтарға жауап береді. Бұл үшін жасампаз күн тәртібі мен конституциялық құндылықтарды ұстануымыз керек", деп сөзін түйіндейді Ерлан Қарин.
Бұған дейін Құрылтай депутаты Тілектес Адамбеков брифинг барысында заң жобаларын талқылау кезінде Қоғамдық палата мүшелерінің жеке мүдделерді қолдау ықтималдығына қатысты пікір білдірген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:06, 16 қыркүйек 2026
БАӘ-дегі апалы-сіңлілі қыздардың өлімі: СІМ тергеу шаралары әлі жүріп жатқанын жеткізді
-
17:56, 16 қыркүйек 2026
СІМ шетелге шығар алдында Қазақстан азаматтары нені жадыда ұстауы керектігін айтты
-
17:49, 16 қыркүйек 2026
Президент Кеңшілік Мырзабектің 80 жылдығына орай Қостанай жұртшылығына құттықтау жолдады
-
17:31, 16 қыркүйек 2026
Таиланд арадағы визасыз режимді неге өзгертті - СІМ түсініктемесі
-
17:04, 16 қыркүйек 2026
Ақтөбеде көпқабатты үйлердің жылыту маусымына дайындығы жалғасуда





