Қазақстанда Отбасын қолдау орталықтарының саны үш есе артты
© Фото: freepik
2024 жылы Әйелдер құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заң күшіне енді. Бұл шара отбасылық саясатты дамыту үшін маңызды қадам болды.
Аталған заң аясында Отбасын қолдау орталықтарының жұмысы қайта қаралып, олар бірыңғай үлгі бойынша жұмыс істей бастады. Орталықтар саны 33-тен 124-ке дейін үш есе артты. Жыл басынан бері бұл орталықтарға 100 мыңнан астам адам жүгінген, ал 5 мыңнан астам отбасыға жан-жақты қолдау көрсетілген.
Астана, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында ОҚО-лардың жұмыс процестерін цифрландыру енгізілді. Жақын арада "Ата-аналар академиясы" – Ata-ana.kz онлайн платформасы іске қосылады.
Отбасыдағы әке мен ананың рөлін арттыру жұмыстары жалғасуда. Аналар күніне орай еліміздің барлық өңірінде отбасын нығайтуға және әйелдердің қоғамдағы рөлін айқындауға бағытталған мыңнан астам іс-шара өтті. Әкелер күні қарсаңында Астанада "Әке. Отбасы. Қоғам" атты X Республикалық әкелер форумы өтті. Оған белсенді ата-аналар, сарапшылар және қоғам өкілдері қатысты.
Қазақстандық қоғамдық даму институтының жанындағы отбасылық және гендерлік саясат жөніндегі зерттеу орталығы өз жұмысын жалғастырып жатыр. Атап айтсақ, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша Ұлттық есеп дайындау, қазақстандық қоғамдағы гендерлік стереотиптерді зерттеу, сондай-ақ Ақпарат және қоғамдық даму комитетінің сайтында "Гендерлік мұқтаждық пен қажеттіліктер картасы" арнайы бөлімін әзірлеу секілді жұмыстар жүргізілуде.
Бұл қадамдар Қазақстанның әрбір азаматы тең құқық пен мүмкіндіктерге ие болатын әділетті әрі қауіпсіз қоғам құруға деген ұмтылысын айқын көрсетеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:57, 15 желтоқсан 2025
«Барыс» көшбасшысы сыртта өткен матч барысында жарақат алды
-
21:12, 15 желтоқсан 2025
Қазақстанда жиі кездесетін алаяқтық түрлері аталды
-
20:50, 15 желтоқсан 2025
БҚО-да ақтүтек боранда хабар-ошарсыз кеткен тағы бір адам өлі табылды
-
20:50, 15 желтоқсан 2025
БҚО-да қарлы боранда хабар-ошарсыз кеткен тағы бір адам өлі табылды
-
20:35, 15 желтоқсан 2025
«Қатып өлген». БҚО тұрғындары қалың қар астында қалып кеткен қойларын қолмен аршып алуда





