Қазақстанда көлік жүргізуге жарамдылық туралы медициналық деректер бірыңғай базаға енгізіледі
© Фото: pexels
ҚР Денсаулық сақтау министрі 2026 жылғы 13 қарашадағы бұйрығымен көлік жүргізу құқығын алуға үміткерлерді медициналық қарап-тексеру және механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін қайта медициналық қарап-тексеру қағидаларына толықтыру енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаңа тармаққа сәйкес, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган автоматтандырылған дерекқорға медициналық қорытындымен расталған мәліметтерді енгізеді. Базада денсаулық жағдайы бойынша көлік басқаруға рұқсат алған адамдар туралы да, көлік басқаруға медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар туралы да ақпарат болады.
Уәкілетті органдардың қызметкерлері бұл мәліметтерге өз құзыреті шегінде қол жеткізе алады. Жаңа норма жол қозғалысы қауіпсіздігін медициналық тұрғыдан қамтамасыз ету талаптарының сақталуын бақылау үшін енгізілді.
Бұйрық 2026 жылғы 30 қарашада күшіне енеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:37, 20 қараша 2026
Жалпыұлттық ауқымдағы нағыз елдік басқосу – президент Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумына қатысты
-
13:58, 20 қараша 2026
Асаубаева Хонгпен кездесудің алғашқы күнінде жеңіліп қалды
-
13:46, 20 қараша 2026
Мал ұрлығы: Атырау облысында 400-ге жуық шаруа қожалығы тексерілді
-
13:37, 20 қараша 2026
Қазақстанда болат дайындамаларын елден әкетуге салынған тыйым тағы алты айға ұзартылды
-
13:28, 20 қараша 2026
Алматы облысында үйдің шатыры өртеніп, бір бөлігі опырылды





