Қазақстанда болат дайындамаларын елден әкетуге салынған тыйым тағы алты айға ұзартылды
© Сурет: pixabay
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі 2026 жылғы 17 қарашада болат дайындамаларын елден әкетуді реттеу туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұйрыққа сәйкес, алты ай бойы Қазақстан аумағынан мына өнімдерді көліктің кез келген түрімен әкетуге тыйым салынады:
- құйма немесе өзге де бастапқы пішіндегі темір және қоспаланбаған болат (7203 тауар позициясындағы темірді қоспағанда);
- темірден немесе қоспаланбаған болаттан жасалған жартылай фабрикаттар;
- құйма немесе өзге де бастапқы пішіндегі коррозияға төзімді болат және одан жасалған жартылай фабрикаттар;
- құйма немесе өзге де бастапқы пішіндегі қоспаланған болаттың басқа түрлері және олардан жасалған жартылай фабрикаттар.
Айрықша лицензиясы бар тұлғалар домна-конвертерлік тәсілмен өндірілген болат дайындамаларын елден әкете алады. Мұндай лицензия ҚР Үкіметінің 2026 жылғы 27 наурыздағы "Домна-конвертерлік тәсілмен өндірілген болат дайындамаларының жекелеген түрлерін экспорттауға айрықша құқық берудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес беріледі.
Бұйрық 2026 жылғы 18 қарашада күшіне енді.
Қазақстанда болат дайындамаларын елден әкетуге салынған тыйым 2025 жылғы 26 шілдеден бері қолданылады. Бұған дейін хабарланғандай, 2026 жылғы 17 мамырдан бастап бұл тыйым алты ай мерзімге енгізілген еді. Осыған ұқсас шектеу 2024 жылғы желтоқсанда да енгізілген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:28, 20 қараша 2026
Алматы облысында үйдің шатыры өртеніп, бір бөлігі опырылды
-
13:17, 20 қараша 2026
Алматыда үш мектептің маңына жаңа жасанды жол кедергілері орнатылды
-
13:06, 20 қараша 2026
Тартылған еттің ішінен бөгде зат шықты: қазақстандық әйел жарақат алды
-
12:55, 20 қараша 2026
Алматы тұрғыны көлігінде есірткіге ұқсас зат салынған түйіншектерді алып жүрген
-
12:49, 20 қараша 2026
Астанада жасөспірімдер оқушыны ұрып-соғып, оны видеоға түсірген





