Асаубаева Хонгпен кездесудің алғашқы күнінде жеңіліп қалды
© Сурет: Instagram/totalchess
Қазақстандық әйелдер шахматының көшбасшысы Бибісара Асаубаева Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан Total Chess World Championship Tour Pilot-2026 супертурнирінің 19-орын үшін жұбаныш кезеңіндегі алғашқы ойын күнін аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл кезеңде қазақстандық шахматшыға америкалық гроссмейстер Эндрю Хонг қарсылас болды. Алғашқы ойын күнінің қорытындысы Бибісара үшін сәтсіз аяқталды. Ол 5:15 есебімен жеңіліп қалды.
Асаубаева алғашқы блиц партиясында жеңіске жетіп, кездесуді жақсы бастағанымен, кейін блицтегі қатарынан үш партияда және рапидтегі алғашқы ойында қарсыласына жол берді.
Жылдам шахматтағы шағын жетістік Бибісараға Эндрюден қалып қойған есебін 5:7-ге дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Алайда классикалық шахматта қазақстандық спортшы қарсыласына төтеп бере алмай, жеңіліс тапты.
Осылайша, Хонг алғашқы ойын күнін 15:5 есебімен өз пайдасына аяқтады.
Total Chess World Championship Tour Pilot-2026 турнирінің 19-орны үшін тартыс бүгін кешке жалғасады.
Бұған дейін Асаубаева заманауи шахматтың королі Магнус Карлсенді жеңе алмағаны хабарланған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:06, 20 қараша 2026
Қазақстанда көлік жүргізуге жарамдылық туралы медициналық деректер бірыңғай базаға енгізіледі
-
13:46, 20 қараша 2026
Мал ұрлығы: Атырау облысында 400-ге жуық шаруа қожалығы тексерілді
-
13:37, 20 қараша 2026
Қазақстанда болат дайындамаларын елден әкетуге салынған тыйым тағы алты айға ұзартылды
-
13:28, 20 қараша 2026
Алматы облысында үйдің шатыры өртеніп, бір бөлігі опырылды
-
13:17, 20 қараша 2026
Алматыда үш мектептің маңына жаңа жасанды жол кедергілері орнатылды





