Қамауға алынған «Самұрық-Қазына» басшысы Су спорты түрлері федерациясының президенті болып қала береді
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
"Самұрық-Қазына" қорының басшысы Нұрлан Жақыпов тергеу аяқталғанша Қазақстанның Су спорты түрлері федерациясының президенті болып қала береді. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов ОКҚ-да өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Журналистер Қазақстандағы бірқатар кәсіби спорт түрі "Самұрық-Қазына" қорының қаражаты есебінен қаржыландырылатынын еске салып, қор басшысының қамауға алынуы қаржыландыруға әсер ете ме деп сұрады.
"Самұрық-Қазына" қорының жұмысы қалыпты жүріп жатыр, жеткізушілер алдындағы барлық міндеттеме орындалып отыр. Тергеу аяқталғанша ол (қор басшысы – ред.) федерация президенті болып қала береді. Шешімді тергеу аяқталғаннан кейін қабылдаймыз", – деді Ербол Мырзабосынов.
Нұрлан Жақыпов 2025 жылғы наурыздан бері Қазақстанның Су спорты түрлері федерациясын басқарып келеді.
2026 жылғы 18 қарашада ҰҚК сот шешімімен "Самұрық-Қазына" АҚ басшысы Нұрлан Жақыпов пен "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басшысы Елжас Отыншиевтің қамауға алынғанын хабарлады.
Екі компания басшысының ұсталғаны 12 қарашада белгілі болды. ҰҚК мәліметінше, оларға сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдік келтірілген. Кейін "Самұрық-Қазына" қоры холдинг пен оның құрамындағы компаниялар жұмысын қалыпты режимде жалғастырып жатқанын мәлімдеді.
13 қарашада Қауіпсіздік кеңесінің жедел кеңесінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жағдайға қатысты мәлімдеме жасады. "Бұл – мемлекеттік компанияларда ауқымды сыбайлас жемқорлық барын көрсететін аса маңызды белгі", – деді Мемлекет басшысы. Тоқаев 24 қарашаға дейін сыбайлас жемқорлықты күрт азайтуға бағытталған шараларды ұсынуды тапсырды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:24, 19 қараша 2026
Мексикада Димаштың концерті аншлагпен өтті
-
16:11, 19 қараша 2026
Мемлекет басшысы білікті инженерлер мен жасанды интеллект мамандарын даярлаудың маңызын атап өтті
-
16:01, 19 қараша 2026
Қазақстанда атом нысандарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар бекітілді
-
15:56, 19 қараша 2026
Тоқаев халықаралық ұйымдар мен жетекші шетелдік университеттердің басшыларымен өткен дөңгелек үстелге қатысты
-
15:51, 19 қараша 2026
Қазақстанда электромобильдерді қуаттау станцияларының көрсеткіштері қалай тексеріледі





