Гүлнар Тойлыбаева Құрылтай депутаты болып тіркелді
© Сурет: ОСК
Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Гүлнар Тойлыбаеваны Құрылтай депутаты ретінде тіркеу туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
20 қазанда ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров оған депутат куәлігі мен төсбелгісін табыстады. Оның айтуынша, бұған дейін "Әділет" партиясы Саяси кеңесі бюросының шешімін жолдаған. Осы шешімге сәйкес, Құрылтай депутатының бос мандаты партиялық тізімге енгізілген Гүлнар Тойлыбаеваға берілген.
"Құрылтай депутатының өкілеттігі Орталық сайлау комиссиясы оны депутат ретінде тіркеген сәттен басталады. Сіздің мол кәсіби тәжірибеңіз елімізде заң шығару билігін жүзеге асыратын жоғары өкілді органда тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік беретініне сенімдімін", – деді Нұрлан Әбдіров.
Гүлнар Тойлыбаева 1967 жылы дүниеге келген. І. Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтын "Физика және математика мұғалімі", І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын физика, математика және информатика пәндерінің мұғалімі болып бастаған.
Кейін әр жылдары:
- - Ескелді ауданы әкімі аппаратының мәдениет бөлімінде бас маман;
- - Ескелді ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде бас маман;
- - "Нұр Отан" ХДП Алматы облыстық филиалының идеология бөлімінің меңгерушісі;
- - "Nur Otan" партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары;
- - "AMANAT" партиясы Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы;
- - Жетісу облысы мәслихатының хатшысы;
- - Жетісу облысы әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.
Ол Қазақстан қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалған Татьяна Савельеваның орнына келді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:44, 20 қазан 2026
Елордада мас күйде көлік басқарған әйел 15 тәулікке қамалды
-
16:32, 20 қазан 2026
Әуе шарының кесірінен Ташкенттің бірқатар ауданы жарықсыз қалды
-
16:24, 20 қазан 2026
Астанада қар жауып, түнде −5°C-қа дейін суытады: Алматы мен Шымкентте ауа райы қандай болады
-
16:19, 20 қазан 2026
Еңбек демалысының орнына ақша алуға бола ма: заңгер жауабы
-
16:07, 20 қазан 2026
ІІМ әскери қызметшілеріне ақшалай төлемдер төлеу тәртібі өзгерді





