Ақтауда көлік 18 минутта жанып кетті: ішіндегі газ баллоны қауіп төндірді
© Сурет: pexels
Ақтаудағы 13-шағынауданда тұрғын үйдің ауласында Mitsubishi Pajero автокөлігі толық жанып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Lada.kz мәліметінше, өрт 2026 жылғы 18 қазанда кешке шыққан. Өрт туралы хабарлама сағат 19:42-де түскен. Жалын көлікті толық шарпыған. Өрт сағат 20:00-де сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Оқиға орнына жеке құрамның сегіз қызметкері мен екі арнайы техника жіберілді. Құтқарушылардың айтуынша, көліктің ішінде көлемі 90 литрлік газ баллоны болған.
Әлеуметтік желі қолданушылары көліктегі газ баллонына байланысты өрт сөндірушілердің қауіпсіздігіне алаңдап, олардың жұмысына алғыс білдірген.
"Видеоны соңына дейін өрт сөндірушілер үшін алаңдап көрдім. Оларды бейбіт заманның батырлары деуге болады", – деп жазды пікір қалдырушылардың бірі.
Айта кетейік, 2026 жылғы 19 қазанда Талдықорғанда наубайханада ірі өрт шықты. Күйік алған қызметкер ауруханаға жеткізілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:32, 20 қазан 2026
Әуе шарының кесірінен Ташкенттің бірқатар ауданы жарықсыз қалды
-
16:24, 20 қазан 2026
Астанада қар жауып, түнде −5°C-қа дейін суытады: Алматы мен Шымкентте ауа райы қандай болады
-
16:19, 20 қазан 2026
Еңбек демалысының орнына ақша алуға бола ма: заңгер жауабы
-
16:07, 20 қазан 2026
ІІМ әскери қызметшілеріне ақшалай төлемдер төлеу тәртібі өзгерді
-
15:55, 20 қазан 2026
Гүлнар Тойлыбаева Құрылтай депутаты болып тіркелді





