Қазақстанда қандай мамандар тапшы: жұмыс берушілер кімді іздеп жүр
© Фото: pixabay
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2026 жылғы 20 қазанда елімізде ең сұранысқа ие мамандарды атады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның ақпараттық жүйелеріндегі деректерге қарағанда, кадр тапшылығы денсаулық сақтау саласында, сондай-ақ бірқатар жұмысшы, техникалық және инженерлік мамандықтар бойынша байқалады. Өнеркәсіптің, цифрлық технологиялар мен инфрақұрылымның дамуы азаматтардың жұмысқа орналасуына және кәсіби өсуіне жаңа мүмкіндіктер ашып отыр.
"2026 жылы маман тапшылығы әсіресе денсаулық сақтау саласында айқын байқалды. Мәселен, акушер-гинекологтарға арналған 469 бос жұмыс орнына небәрі 100 түйіндемеден келген. Педиатрларға арналған 448 бос орынға 139, ал анестезиолог-реаниматологтарға арналған 300 бос орынға 75 түйіндеме тіркелген. Онкологтар, неонатологтар мен эндокринологтар да жетіспейді", – деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі.
Жұмысшы мамандарға да сұраныс жоғары. Жұмыс берушілерге білікті электриктер, механиктер, слесарьлар, дәнекерлеушілер, машинистер, жабдық операторлары, құрылысшылар мен жүргізушілер қажет. Инженерлер мен өндірістік үдерістерді автоматтандыру мамандарына да сұраныс бар.
"Мұндай мамандарға сұраныс өнеркәсіптің дамуына, жаңа нысандардың салынуына, кәсіпорындардың, көлік және энергетика инфрақұрылымының жаңғыртылуына байланысты. Сонымен қатар жұмыс берушілер кәсіби біліктілігімен бірге заманауи технологияларды да меңгерген мамандарды көбірек іздейді", – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Еңбек министрлігі цифрлық мамандықтарды жеке бағыт ретінде атап өтті. Еңбек нарығында бағдарламалық жасақтама әзірлеушілерге, қосымша бағдарламалаушыларына және басқа да IT мамандарына сұраныс жоғары. Автоматтандыру мен жасанды интеллектіні енгізу кәсіби қызметінде цифрлық құралдарды қолдана алатын қызметкерлерге деген қажеттілікті арттырып отыр.
Ұзақ мерзімді болжамға сәйкес, 2035 жылға дейін Қазақстан экономикасына 2,9 млн маман қажет болады. Оның жартысынан астамы жұмысшы мамандықтарына тиесілі. Бұл экономиканы білікті кадрлармен қамтамасыз етуде техникалық және кәсіптік білімнің маңызы артып келе жатқанын көрсетеді.
Ведомствоның мәліметінше, еңбек нарығының қажеттіліктеріне сай мамандарды уақтылы даярлау үшін 2026 жылы ең сұранысқа ие мамандықтар тізімі 51-ден 174-ке дейін кеңейтілді. Оған инженерия, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, биотехнология, жасыл және атом энергетикасы бағыттарындағы мамандықтар енгізілді.
Сонымен қатар жұмыс берушілермен бірлесіп маман даярлау жүйесі дамып келеді. Үкіметтің мәліметінше, бүгінде 552 колледждің 138 мың студенті дуальды оқытумен қамтылған. Кадр даярлауға шамамен 11 мың кәсіпорын қатысады. Тағы 43 мың студент жұмыс берушілердің нысаналы тапсырысы бойынша білім алып жатыр.
"Мұндай формат студенттерге кәсіпорындарда тәжірибе жинақтауға, болашақ мамандығымен танысуға және оқу бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттыруға көмектеседі", – деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Министрлік жаңа мамандық меңгергісі немесе біліктілігін арттырғысы келетін азаматтар қысқа мерзімді кәсіптік оқыту және қайта даярлау мүмкіндіктерін пайдалана алатынын еске салды. Оның ішінде жұмыс берушілер сұранысына ие бағыттар бойынша да оқуға болады.
"Еңбек нарығын талдау кадр тапшылығы жалпы жұмыс күшінің жетіспеуінен гөрі, қолда бар мамандардың біліктілігі экономика қажеттіліктеріне сәйкес келмеуіне байланысты екенін көрсетеді. Сондықтан сұранысқа ие бағыттар бойынша маман даярлау, практикалық дағдыларды дамыту және білім беру ұйымдарының жұмыс берушілермен өзара байланысын нығайту ерекше маңызға ие", – делінген министрлік хабарламасында.
Ведомствоның түсіндіруінше, кадрларға қажеттілікті болжау келешекте сұранысқа ие болатын мамандықтарды алдын ала анықтауға, білім беру бағдарламаларын жетілдіруге және азаматтарға мамандық таңдағанда немесе кәсібін ауыстырғанда неғұрлым негізді шешім қабылдауға көмектеседі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:46, 20 қазан 2026
Астанадан Нью-Йоркке тікелей ұшу: Қазақстаннан АҚШ-қа әуе рейсі қашан ашылады
-
12:34, 20 қазан 2026
Бір қарағанда қауіпсіз көрінетін ақша аударымы қиындыққа соқтыруы мүмкін: қазақстандықтарға ескерту жасалды
-
12:27, 20 қазан 2026
Емдеу мерзімі созылған: Ақтөбе тұрғыны емханадан 300 мың теңге өтемақы өндіріп алды
-
12:20, 20 қазан 2026
20 қазан: Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы
-
12:15, 20 қазан 2026
Түркия мен Вьетнамға виза алуды көздеген қазақстандықтар алаяққа 15 млн теңге берген





