Мектептегі төбелес: қазақстандық жасөспірім жеті жылға сотталды
© Фото: pexels
Таразда мектептегі төбелес кезінде оныншы сынып оқушысының бір көзін зақымдаған жасөспірімге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
КТК телеарнасының мәліметінше, сот отырысы жабық режимде өткен. Тергеу мен сот процесі жеті айға созылған. Оқиға 2026 жылғы сәуірде қаладағы гимназиялардың бірінде болған. Үзіліс кезінде оқушылардың бірі екіншісін иығымен қағып кеткен. Осыдан кейін оны ер балалардың киім ауыстыратын бөлмесіне шақырып, арты төбелеске ұласқан. Салдарынан оқушы бір көзінен айырылған.
Төбелеске бірнеше адам қатысқанына қарамастан, сот алдында тек бір жасөспірім жауап берген.
"Соққы салдарынан жәбірленуші ауыр жарақат алып, көру қабілетінен толық айырылды. Сот үкімімен К. есімді сотталушы кінәлі деп танылып, жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", – деп хабарлады Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Зардап шеккен оқушы болашақта дәрігер болуды армандаған. Алайда қазір оның екінші көзінің де көру қабілеті нашарлап бара жатқаны хабарланды. Ол осы уақытқа дейін жеті рет ота жасатқан. Баланың анасы төбелеске қатысқан барлық адамның жауапқа тартылуына қол жеткізбек.
Ал Астанада ересек ер адам 11 жастағы баланы ұрды деп айыпталып отыр. Жәбірленушінің анасы тергеудің созылып кеткенін және күдіктіні қылмыстық жауапкершіліктен қорғауға тырысып жатқанын мәлімдеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:11, 20 қазан 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Евгений Кочетовті жаңа қызметке тағайындады
-
14:52, 20 қазан 2026
Мемлекеттік қызметшілерді басқа лауазымға ауыстыру: Тоқаев жарлыққа қол қойды
-
14:43, 20 қазан 2026
Әлемде және ТМД елдерінде нан қанша тұрады: зерттеу нәтижесі
-
14:25, 20 қазан 2026
Бокаевтың адвокатына қатысты жекеше қаулы шығарылды: прокурор сотқа қысым жасау әрекеті туралы мәлімдеді
-
14:06, 20 қазан 2026
Астаналық зейнеткерді полиция сегіз жыл бойы іздеген





