Алматы тауларында жарақат алған мотоциклшіні құтқарушылар эвакуациялады

10:08, 21 қазан 2026
MKZ: 1573518

© Сурет: pexels

Алматы тауларында мотоциклмен серуендеу кезінде 18 жастағы жігіт жарақат алды. Бутаков шатқалында оның оң аяғы зақымданған. Құтқарушылар зардап шеккен жігітті қауіпсіз жерге жеткізіп, медицина қызметкерлеріне тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "Барыс" республикалық құтқару қызметінің қызметкерлері жігітке алғашқы медициналық көмек көрсетіп, қауіпсіз жерге эвакуациялады. Кейін оны Апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырды.

"Зардап шеккен адамға бұдан әрі медициналық мамандар көмек көрсетеді", – деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Бұған дейін Ақмола облысының Бурабай ауданындағы Щучинск қаласында қонақүйлердің бірінің аумағында орналасқан жеке монша өртенгені хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!