Ғасырға жуық ғұмыр, ерекше ерлік: британдық кейуана рекорд орнатты

11:33, 20 қазан 2026
MKZ: 1573303

© Сурет: guinnessworldrecords.com

Ұлыбританияның 99 жастағы тұрғыны Хельга Даффи ұшақ қанатында жүру трюгін орындаған әлемдегі ең қарт әйел атанып, рекорд орнатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Гиннестің рекордтар кітабының ресми сайтында жарияланды.

"Рекорд 2026 жылғы 16 қазанда Ұлыбританияның Сайренсестер қаласында Aerosuperbatics командасының қатысуымен орнатылды. Сол кезде әйелдің жасы 99 жыл 21 күн болған", – делінген хабарламада.

Хельга Даффи осындай трюкті орындаған 97 жастағы Бетти Бромейдж туралы жаңалықты көріп, оның батылдығынан шабыт алған. Сөйтіп, өзі де осы әрекетті қайталауға бел буған.

Бетти Бромейдждің рекорды 2026 жылғы тамызда тіркелген. Ол 87 жасында қарттарға арналған арнайы тұрғын үйге көшіп, өміріне өзгеріс енгізуді ұйғарған. Ұшақ қанатында жүруді алғаш рет сол кезде байқап көрген. Содан бері бұл трюкті бірнеше рет қайталап, түрлі қайырымдылық ұйымдарына қаражат жинаған.

Бұған дейін АҚШ-та асқабақтың салмағы бойынша жаңа әлемдік рекорд орнатылғанын жазған едік. Салмағы 1 431,5 келі болатын асқабақты Род-Айленд штатының 60 жастағы тұрғыны Рон Уоллес өсірген.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!