Александр Бублик мансабын қашан аяқтайтынын айтты
© Сурет: instagram/BUBLIK
Әлемнің 19-ракеткасы, қазақстандық теннисші Александр Бублик спорттық мансабын қашан аяқтауды жоспарлап отырғанын және оған не себеп болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Александр Бублик Алматыда өткен шеберлік сабағында айтты.
"Мен кішкентай кезімнен-ақ ракетканы шегеге ілетін күнім өмірімдегі ең бақытты күндердің бірі болуы керек деп ойлайтынмын. Мен жеңемін бе, жеңілемін бе деген сұрақ маған мүлде қызық болмай, ештеңе істегім келмейтін кезде мансабымды аяқтаймын", – деп келтіреді спортшының сөзін 2026 жылғы 19 қазандағы Championat басылымы.
Теннисшінің айтуынша, ерте ме, кеш пе, барлық спортшы мансабын аяқтайды. Ал ол үшін бұл матчтың нәтижесі маңызды болмай қалған сәтте болады.
"Меніңше, дәл сол кезде мансабымды аяқтауым керек. Өйткені мені алға жетелейтін жігерсіз, бойымды кернейтін эмоцияларсыз өмір сүру мүмкін емес. Тіпті жағымсыз эмоциялардың өзі матчта жеңіске жетуге ынталандырады. Ал қандай да бір турнирде жеңемін бе, жеңілемін бе деген сұрақ бәрібір болса, онда ойынды жалғастырудың мәні жоқ", – деді Александр Бублик.
Айта кетейік, Алматыда 12–19 қазан аралығында ATP 250 санатындағы Almaty Open 2026 ерлер арасындағы теннис турнирі өтті. Іріктеу кезеңі кезінде қазақстандық теннисші Александр Бублик пен UFC-де жеңіліп көрмеген Шавкат Рахмонов көз арбасып, өзара жекпе-жекке шақырғандай көрініс көрсетті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:26, 20 қазан 2026
Қазақстан семсерлесуден әлемдік рейтингте алғаш рет көш бастады
-
23:02, 19 қазан 2026
Спорттық атудан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды
-
20:37, 19 қазан 2026
Қазақстан күрестен U23 әлем чемпионатын жеті медальмен аяқтады
-
19:48, 19 қазан 2026
Қазақстандық семсерлесушілер әлемдік рейтингіде алғаш рет көш бастады
-
19:25, 19 қазан 2026
Қазақстан Азия Пара ойындарында тағы он медаль жеңіп алды





