Алматыдағы адам өліміне әкелген жол апаты: өрт сөндіру көлігі шақыртуға бара жатқан

11:06, 17 қараша 2026
MKZ: 1578128

© Сурет: Zakon.kz

Алматы полициясы өрт сөндіру көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысқан жол апатына қатысты түсініктеме берді. Оқиға салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық полиция департаментінің 2026 жылғы 17 қарашадағы мәліметінше, апат түнгі сағат 00:40 шамасында болған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, өрт сөндіру көлігі жарқылдауық маяктарын қосып, шақыртуға бара жатқан. Қиылыстан өту кезінде жеңіл автокөлікпен соқтығысқан. Апат салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі аса ауыр жарақат алып, көрсетілген медициналық көмекке қарамастан оқиға орнында көз жұмды. Арнайы көліктің жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді", – деп хабарлады полиция.

Адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша полиция департаментінің Анықтау басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазір апаттың барлық мән-жайы мен себептерін анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Жол апаты Әуезов пен Тимирязев көшелерінің қиылысында болған. Өрт сөндіру көлігі Toyota Camry-ді соғып, бірнеше метрге ығыстырып әкеткен. Соққыдан жеңіл көліктің сау-тамтығы қалмаған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!