Қазақстанда 27 дәрі-дәрмекке арналған ингредиенттер өндірілетін болады
© Фото: akorda.kz
Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласындағы нормативтік реттеуді жетілдіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Оның айтуынша, Қазақстанда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тіркеу мерзімі бұрынғы 210 жұмыс күнінің орнына 100 жұмыс күніне дейін қысқартылған.
"Әкімшілік рәсімдердің реттілігін оңтайландыруға мүмкіндік берген композиттік қызмет енгізілді, сондай-ақ реттеуші беделі жоғары елдерде тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар үшін жеделдетілген тіркеу тәртібі іске қосылды. Бұл жағдайда тіркеу мерзімі 15 жұмыс күнінен аспайды. Мұндай елдерге АҚШ (FDA), Еуропалық одақ (EMA), Ұлыбритания (MHRA) және Жапония (PMDA) жатады. Еуразиялық экономикалық одақ аясында тіркеу процесін жеделдету мақсатында қазақстандық тауар өндірушілер үшін сараптамалық жұмыстардың құны 90%-ға төмендетілді, соның нәтижесінде дәрілік заттарды тіркеу көрсеткіші 60%-ға артты", – делінген жауапта.
Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігі 2025 жылдың желтоқсанында министрдің тиісті бұйрығына өзгерістер енгізіп, инвестиция тартудың жаңа тетігін қарастырды. Бұл тетік бірқатар жеңілдіктерді қамтитын Инвестициялар туралы келісім жасасуды көздейді. Атап айтқанда:
- корпоративтік табыс салығынан,
- қосылған құн салығынан (ҚҚС),
- жабдықтарды импорттауға арналған кедендік баждардан босату,
- инфрақұрылыммен мемлекеттік қолдау,
- жер учаскелерін конкурссыз беру,
- ұзақ мерзімді келісімшарттарды регламенттеу,
- өндірісті жергіліктендіру деңгейі мен препараттар сапасын кезең-кезеңімен арттыру қарастырылған.
"Бұл ретте халықаралық және қазақстандық өндірушілерге бірдей талаптар қойылады. Олардың ішінде инновациялық дәрілік заттар мен белсенді фармацевтикалық ингредиенттерді толық өндірістік цикл бойынша шығару қажеттігі бар. 2025 жылғы 31 желтоқсанда денсаулық сақтау саласындағы алғашқы инвестициялық келісімге қол қойылды. Ол "Толық циклді биофармацевтикалық кешен салу" жобасын іске асыруды көздейді және 27 түрлі дәрі-дәрмекке арналған белсенді фармацевтикалық ингредиенттер өндірісін қамтиды", – деп толықтырды Олжас Бектенов.
Бұған дейін ШҚО-да полицейлер ірі көлемде қарызы бар тұрғынды анықтағанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:10, 9 қаңтар 2026
10 қаңтарда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
21:41, 9 қаңтар 2026
Қазақстандықтар әскерге жарамдылық туралы анықтаманы енді eGov-тан ала алады
-
21:11, 9 қаңтар 2026
Теміртауда жолаушылар арасындағы жанжал кісі өлімімен аяқталды: алқабилер соты үкім шығарды
-
20:50, 9 қаңтар 2026
Биатлоннан Германиядағы Әлем кубогының кезеңі: қазақстандықтар спринтте қандай нәтиже көрсетті
-
20:03, 9 қаңтар 2026
Мемлекеттік кірістер комитеті оңайлатылған режимге өтуден бас тарту себептерін түсіндірді





