Қазақстанда бір палаталы Парламент жөнінде түпкілікті шешім қашан қабылданады
© Сурет: Zakon.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 24 желтоқсанда Астананы дамыту мәселесіне арналған кеңесте сөз сөйлеп, бір палаталы Парламент құру мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент жолдауымда бір палаталы Парламент құру туралы бастама көтергенін еске салды. Оның айтуынша, бұл – кейінгі жылдары қолға алынған ауқымды өзгерістердің заңды жалғасы.
"Түпкілікті шешім жалпыхалықтық референдумда қабылданады. Азаматтарымыз мақұлдаса, Ата Заңға көптеген өзгеріс енгізіледі. Түзетулердің ауқымын ескерсек, мұны жаңа Конституция қабылдаумен бірдей қадам деуге болады. Біз озық ойлы ұлт ретінде болашаққа сеніммен қараймыз. Алдымызда биік мақсаттар тұр. Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруымыз қажет. Толық цифрлық мемлекет болуымыз керек. Энергетика, ауыл шаруашылығы салаларын дамыту қажет. Мұның барлығы – бір күндік шаруа емес. Біз ортақ мүдде жолында күш біріктірсек, осы мақсаттың бәріне жетеміз". Қасым-Жомарт Тоқаев
Мемлекет басшысы сондай-ақ Астана әрдайым ауқымды жұмыстардың бастауында тұруға тиіс екенін де айтты.
"Елордамыз басқа аймақтарға барлық жағынан үлгі болуы керек. Айтылған міндеттердің барлығы уақтылы әрі сапалы орындалуға тиіс", - деді ол.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:42, 24 желтоқсан 2025
ДСМ медицина қызметкерлерінің жалақысы артатыны туралы жағымды жаңалықты хабарлады
-
19:31, 24 желтоқсан 2025
Тоқаев New Generation School Astana ғимаратына барды
-
19:15, 24 желтоқсан 2025
Ахмади Маханов Еуропада үздік ойыншы атанды
-
19:08, 24 желтоқсан 2025
Президент Tanym көпфункционалды кешенін аралап көрді
-
18:50, 24 желтоқсан 2025
Жетісу облысында полицейлер мал ұрлығымен айналысқан күдіктілерді анықтады





