Қазақстанда АЭС салу бойынша жария талқы қай қалада өтетіні белгілі болды

10:48, 29 маусым 2024

© Сурет: pixabay

Қазақстанда АЭС салу мәселесін талқылау мақсатында референдум өткізілгенге дейін Қарағанды обласында жария талқылаулар өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы облыс әкімдігі 2024 жылғы 29 маусымда ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.


"Қазақстанда АЭС салу мәселесін талқылау мақсатында референдум өткізілгенге дейін Қарағанды обласында жария талқылаулар өткізу жоспарланып отыр. Жария талқылау өткізілетін орын: Қарағанды қаласы, "Қоғамдық келісім" КММ, Кеншілер даңғылы, 64. Жария талқылауды өткізу күні мен уақыты: 2024 жылғы 5 шілде сағат 15.00-де", делінген облыстық әкімдік хабарламасында.

Жария талқылауға атом саласының салалық сарапшылары қатысады. Жария талқылауларды өткізу барысында азаматтар өздерін қызықтыратын технологиялардың қауіпсіздігі бойынша да, АЭС құрылысының әлеуметтік-экономикалық аспектілері бойынша да кез келген сұрақтарын қоя алатыны да нақтыланады.

2023 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қазақстанда атом электр станцияларын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өткізуге бастамашы болған.

Сонымен қатар, Жолдауда Қазақстан Республикасының Президенті референдум өткізу мерзімдері кейінірек белгіленетінін атап өтті. Референдум өткізу тәртібі 1995 жылғы 2 қарашадағы "Республикалық референдум туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен регламенттелген.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!