Астанада мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің 70 пайызы үш күн онлайн жұмыс істейді

19:10, 1 шілде 2024

© Сурет: pixabay

Астанада ШЫҰ саммитінің өткізілуіне байланысты азаматтарға ыңғайлы болу мақсатында, соның ішінде жол кептелісін болдырмау үшін мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің 70 пайызы 2-4 шілде аралығында қашықтан жұмыс форматына ауыстырылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы әкімдігінің хабарлауынша, 3-4 шілдеде мектепке дейінгі мекемелер де жұмыс істемейді.

Айта кетсек, 2024 жылдың 3-4 шілдесінде Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ саммит өткізу кезеңінде құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында полицияның жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген режиміне ауыстырылды. Сонымен қатар 18 маусымда Астанада мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің 70%-ы қашықтан жұмыс істеу форматына көшуі мүмкін екені хабарланған. Ол кезде бұл ақпаратты қалалық білім басқармасы таратқан еді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!