Алматыда Наурызбай батыр көшесінде қозғалыс сызбасы өзгеріп, оқшауланған веложолақ салынады

09:45, 28 шілде 2026
MKZ: 1558342

© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру жұмыстары жалғасуда.

Биылғы 1 тамыздан бастап Наурызбай батыр көшесінің Райымбек даңғылынан Абай даңғылы аралығында көлік қозғалысының жаңа сызбасы енгізіледі. Жоба аясында көшеде оқшауланған велосипед жолағы салынады. Бұл туралы қалалық Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының өкілдері айтты.

Жүргізілетін жұмыстар аясында қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақ алынып тасталады. Автобус бағыттары Желтоқсан көшесіне ауыстырылып, Наурызбай батыр көшесінде веложолақ ұйымдастырылады.

Жаңа шешім велосипедшілердің қауіпсіздігін арттыруға, қаладағы велосипед желісін дамытуға және көлік легін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты жүргізушілер мен жол қозғалысына қатысушылардан өзгерісті алдын ала ескеріп, бағытын жаңа қозғалыс сызбасына сай жоспарлау, сондай-ақ жол белгілері мен таңбаларының талабын сақтау сұралады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!