Қазақстан президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен Шолпан-Атаға барады

10:01, 31 шілде 2026
MKZ: 1558949

© Фото: akorda.kz

Шолпан-Ата қаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуі өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен 31 шілде – 1 тамыз күндері Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Атаға сапармен барады", – деп жазылған ресми ақпаратта.

Айта кетейік, Қырғызстан Президенті 2026 жылғы 29 шілдеде "Болашақ ойындары – 2026" халықаралық мультиспорттық турнирінің ашылу салтанатына қатысу үшін Астанаға келген еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!