Алаяқтар қазақстандықтардың ақшасын иемденудің жаңа тәсілін тапты: ІІМ қылмыстық схеманы әшкереледі
© Фото: Zakon.kz
Бүгін, 2026 жылғы 31 шілдеде Қазақстанның Ішкі істер министрлігі (ІІМ) азаматтарға маңызды ескерту жасады. Ведомство инвестиция саласындағы алаяқтық әрекеттерден сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті басқармасының бастығы Бейбіт Біржанов алаяқтық схеманың егжей-тегжейін айтып берді:
Ішкі істер министрлігі азаматтарды дипфейк технологиялары мен жалған брокерлер арқылы жасалатын интернет-алаяқтықтан сақ болуға шақырып, күмәнді инвестициялық ұсыныстарға сенбеуге кеңес берді. Соңғы уақытта Қазақстан Республикасының аумағында түрлі жобаларға инвестиция салу және ақша енгізу сылтауымен жасалатын интернет-алаяқтық фактілері жиілеп кетті. Қаскөйлер мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде дипфейк (жасанды интеллект) технологияларын пайдаланып, танымал тұлғалардың бейнелерін қолдану арқылы азаматтарды түрлі инвестициялық жобалар мен қорларға қаражат салуға үгіттейді. Бұл ретте олар азаматтарға жылдам әрі кепілдендірілген табыс табуға уәде береді.
Жалған брокерлермен байланысқа шыққан кезде олар мобильді қосымшаларды орнатуды, сілтемелерге өтуді немесе ақшаны "инвестиция", "аккаунтты тіркеу" не "табысты ұлғайту" деген желеумен үшінші тұлғалардың шоттарына аударуды ұсынады.
Әдетте, ақша аударылғаннан кейін жалған брокерлермен байланыс үзіліп, уәде етілген табыс түспейді. Кейбір жағдайларда алаяқтар "салықтарды", "алымдарды" немесе "сақтандыру жарналарын" төлеу қажеттігін алға тартып, азаматтардан қосымша ақша талап етуді жалғастырады.
Барлық анықталған факті бойынша ІІМ сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде, қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау, сондай-ақ алаяқтық интернет-ресурстар мен ақша қаражатын шығаруға арналған арналарды бұғаттау жөнінде шаралар қабылдауда.
Осыған байланысты киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті азаматтарды қырағы болуға және мынадай қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады:
- "кепілдендірілген" табыс туралы ұсыныстарға сенбеу;
- белгісіз адамдарға және күмәнді шоттарға ақша аудармау;
- күмәнді сілтемелерге өтпеу және тексерілмеген көздерден қосымшаларды орнатпау;
- компаниялар туралы ақпаратты тек ресми дереккөздер мен мемлекеттік тізілімдер арқылы тексеру;
- инвестиция салуды жоспарлаған жағдайда инвестициялық нарықты зерделеп, тексерілген компаниялардың ресми кеңселеріне ғана жүгіну.
Егер сіз интернет-алаяқтықтың құрбаны болсаңыз немесе осындай фактілер туралы ақпаратқа ие болсаңыз, тұрғылықты жеріңіз бойынша ішкі істер органдарына немесе "102" арнасына дереу хабарласуыңызды сұраймыз.
Ішкі істер министрлігі интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарды жалғастыруда және азаматтарды интернет желісінде қаржылық операцияларды жүзеге асыру кезінде барынша сақ болуға шақырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:55, 31 шілде 2026
Тамақты кеш бергені үшін ер адам жеңгесінің басын шауып тастады
-
10:46, 31 шілде 2026
Алматы облысында полиция жанармай құю бекетіне жасалған қарақшылық шабуылды әшкереледі
-
10:36, 31 шілде 2026
Түркияда 67 жастағы әйел адам саудасы үшін сотталды
-
10:24, 31 шілде 2026
Алматы маңында үш автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді
-
10:01, 31 шілде 2026
Қазақстан президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен Шолпан-Атаға барады





