Тамақты кеш бергені үшін ер адам жеңгесінің басын шауып тастады
© Фото: pexels
Үндістанның Бихар штатындағы Имадпур ауылында ер адам 25 жастағы жеңгесінің басын шауып, оны үйдің жанындағы ағашқа іліп қойған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Oxu.Az басылымының Times of India-ға сілтеме жасап жазуынша, қаза тапқан Аншу Деви Дхармендра Кумардың әйелі болған. Оқиға кезінде отбасының басқа мүшелері күріш алқабына жұмысқа кеткендіктен, әйел үйде жалғыз қалған.
Күйеуінің інісі Кунал Кумар жұмыстан ерте оралып, жеңгесінен тамақ әкелуін сұраған. Әйел тамақты "уақтылы" бермегендіктен, екеуінің арасында жанжал туындаған. Осы кезде ер адам оған балтамен шабуыл жасаған. Кейін әйелдің басын сыртқа алып шығып, баньян ағашына іліп қойған.
Қылмыс туралы ағашта ілулі тұрған басты өтіп бара жатқан ауыл тұрғындары байқағаннан кейін белгілі болды. Олар күдіктіні ұстап, полицияға тапсырған. Қылмыс құралы тәркіленіп, ер адам қамауға алынды.
Бұған дейін әйелдің енесін орақпен жолбарыстан құтқарып қалғаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:44, 31 шілде 2026
Түркістан облысының тұрғыны TikTok-тағы әрекеті үшін сот алдында жауап берді
-
11:33, 31 шілде 2026
Қазақстанда ауыл шаруашылығы жерлерін бөлу тәртібі өзгереді
-
11:26, 31 шілде 2026
Қазақстанда 450 мың бала мектепке дайындалуға көмек алады
-
11:17, 31 шілде 2026
Алматы әкімдігі бұрынғы трамвай депосының орнына не және қашан салынатынын айтты
-
11:08, 31 шілде 2026
Тұрғындармен ашық диалог өз нәтижесін берді: Шымкентте жол қауіпсіздігі күшейтілді





