Қазақстан – Норвегия матчы: Алматы әкімдігі жанкүйерлерге үндеу жасады

14:05, 6 қыркүйек 2024

© Сурет: kff.kz

Алматы әкімдігі бүгін, 6 қыркүйекте Қазақстан мен Норвегия құрамалары арасындағы футбол матчын тамашалауға жиналған жанкүйерлерге үндеу жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматының спорт басқармасы жанкүйерлерден көп адам болғандықтан кіре берісте бір — бірімен тіреліп қалуларына жол бермеу мақсатында Қазақстан мен Норвегия құрамалары арасындағы футбол матчын көру үшін Орталық стадионға ертерек келуді сұрайды.

УЕФА Ұлттар лигасының матчы 6 қыркүйекте сағат 19:00-де Алматының орталық стадионында өтеді. Стадионға кіре берісте кезек күтпеу үшін жанкүйерлерден матч басталардан 2 сағат бұрын стадионға келуді өтінеміз.

Естеріңізге сала кетейік, алыпсатарлықтың алдын алу үшін билеттер ойын күні, билеттерді сатып алу кезінде көрсетілген e-mail-де матч басталардан 2 сағат бұрын жіберіледі.

"Сондай-ақ түсініспеушіліктерді болдырмау үшін билеттерді үшінші тұлғалардан сатып алмауды сұраймыз." Алматының спорт басқармасы

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!