Қазақстан құрамасы дзюдодан Азия ойындарының финалына шықты

12:18, 3 қазан 2026
MKZ: 1570301

© Сурет: olympic.kz

Қазақстан құрамасы дзюдодан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалында бақ сынайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандастарымыз аралас командалық бәсекенің жартылай финалында Оңтүстік Кореяны 4:3 есебімен жеңді.

Ұлттық құрамаға жеңіс ұпайын Аида Тойшыбекова әкелді.

Осылайша қазақстандықтар Азиаданың финалында Жапония құрамасымен алтын жүлдені сарапқа салады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!