Тамерлан Төлеулес таеквондодан Қазақстанға Азия ойындарындағы тұңғыш алтынды әкелді

16:35, 2 қазан 2026
MKZ: 1570177

© Сурет: telegram/DRSQazaqstan

Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Тамерлан Төлеулес Жапонияның Айти–Нагоя аймағында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды. Бұл – қазақстандық спортшылардың биылғы ойындардағы 12-ші алтын медалі, деп хабарлайды Zakon.kz.

58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық спортшы финалда филиппиндік Барбосаны жеңіп, чемпион атанды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 12-ге жетті.

Тамерлан жарыс бойы сенімді өнер көрсетіп, шешуші жекпе-жекте отандық таеквондо мектебінің жоғары деңгейін дәлелдеді.

Төлеулес Қазақстан тарихында таеквондодан Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алған алғашқы спортшы болды.

Осылайша, 2 қазанда қазақстандық спортшылар үш алтын медаль иеленді. Бұған дейін боксшылар Төрехан Сабырхан мен Айбек Оралбай чемпион атанған еді.

Айти–Нагояда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындары 4 қазанда аяқталады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!