Шымкентте түнде дрифт жасаған Mercedes-Benz жүргізушісі 10 тәулікке қамалды

13:41, 3 қазан 2026
MKZ: 1570307

© Фото: pexels

Шымкентте полиция "Қазақ хандығының 550 жылдығы" монументі маңындағы аумақты әуесқой жарыс алаңына айналдырмақ болған жүргізушілердің әрекетіне жол бермеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның мәліметінше, Шымкент қаласының 18 жастағы тұрғыны Камранбек Юсувалиев Mercedes-Benz көлігін басқарып келе жатып, қауіпті маневрлер жасаған. Осылайша, ол айналасындағыларға қауіп төндіріп, түнгі уақытта тыныштықты бұзған.

Сот шешімімен жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 тәулікке қамауға алынды.

Полиция қала көшелері жарыс пен дрифт жасауға арналмағанын еске салды. Қоғамдық қауіпсіздікке және жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіретін әрекеттер заң аясында бағаланады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!