Ақтауда ер адамнан 300 мың теңге талап еткен күдікті ұсталды

13:09, 3 қазан 2026
MKZ: 1570304

© Сурет: Маңғыстау облысы полиция департаменті

Ақтауда жәбірленушіні абыройына нұқсан келтіретін мәліметтерді тарататынын айтып қорқытып, ақша талап еткен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz мәліметінше, Маңғыстау облысы полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бопсалау фактісінің жолын кесті.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті Ақтау тұрғынын қорқытып, күш қолданып, оның абыройына нұқсан келтіретін мәліметтерді таратпау үшін 300 мың теңге талап еткен.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті талап етілген ақшаның бір бөлігін алған кезде ұсталды. Жеке тінту кезінде одан ақша купюралары табылып, тәркіленді", – деді полиция қызметкерлері.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлігі ("Бопсалау") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу-жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!