Президент «Вашингтон моделін» қолдады: Қазақстан ЖИ-ді қауіпсіз дамытуға шақырды

16:27, 2 қазан 2026
MKZ: 1570170

© Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектінің озық технологияларын қауіпсіз әрі жауапкершілікпен дамытуға бағытталған "Вашингтон моделін" қолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы жақында АҚШ Президенті Дональд Трамп пен ірі технологиялық компаниялардың басшылары қол қойған жасанды интеллектіні қауіпсіз әрі жауапкершілікпен дамыту туралы ерікті келісімнің стратегиялық маңызына тоқталды.

"Дер кезінде көтерілген осы маңызды бастаманы құптаймын. Жасанды интеллектіге қатысты қауіп-қатерлер ешқандай шекараға бағынбайтынын бәрі түсінеді. Сондықтан мемлекеттер мен бизнес қауымдастық тарапынан үйлесімді әрекет қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Вашингтонда қол қойылған келісімді сарапшылар жан-жақты зерделегеннен кейін мүдделі мемлекеттер оны жасанды интеллект саласын жаһандық деңгейде реттеудің үлгісі ретінде қарастыра алады.

Тоқаев "Вашингтон моделі" БҰҰ аясындағы халықаралық келісімге негіз болуға лайық екенін атап өтті.

"Қазақстан жасанды интеллектіні қауіпсіз әрі жауапкершілікпен дамытуды қолдайды. Осы орайда аталған мәселе бойынша сындарлы халықаралық диалог жүргізуге алаң ұсына аламыз", – деді Мемлекет басшысы.

Президент Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің іс жүзінде маңызды екенін көрсеткенін атап өтті.

Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев Кеңес мүшелерінен қысқа мерзім ішінде Қазақстанның жасанды интеллект саласындағы халықаралық бастамасына қатысты нақты ұсыныстар әзірлеуді сұрады.

Ортақ ұстаным биыл желтоқсанда Майамиде өтетін G20 саммитінде таныстырылмақ.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!