Еліміздің орталығы мен солтүстігін байланыстыратын тас жолда жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді
© Сурет: freepik
Бүгін Қазақстанның орталығы мен солтүстігін байланыстыратын республикалық маңызы бар автомобиль жолында жүк көліктерінің қозғалысына шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылы 2 қазанда "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі хабарлады:
"2026 жылғы 2 қазан, сағат 17:00-ден бастап Солтүстік Қазақстан облысында республикалық маңызы бар KAZ13 "Жезқазған – Арқалық – Петропавл" автомобиль жолының 875-шақырымында (Покровский көпірі) көпірге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты жүк көліктері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді".
Жол қозғалысына қатысушылардан аталған учаскеде жол белгілерінің талаптарын сақтап, маршрутты алдын ала жоспарлап алу сұралады.
Бұған дейін Тараз-Шымкент республикалық тас жолының 546-557 шақырымындағы ("Ескі Құйық асуы") учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:26, 2 қазан 2026
Өскеменде көпқабатты тұрғын үйдің ауласынан 18 жастағы жігіт асулы күйінде табылды
-
19:15, 2 қазан 2026
«Нөсер жаңбыр жауады». Алматы бойынша 3-9 қазан аралығына арналған ауа райы болжамы
-
19:05, 2 қазан 2026
Қарин Ватикан делегациясымен кездесіп, II бірлескен коллоквиумның ашылуына қатысты
-
19:05, 2 қазан 2026
Қарин Ватикан делегациясымен кездесті және II бірлескен коллоквиумның ашылуына қатысты
-
18:51, 2 қазан 2026
Бұрын-соңды болмаған бірегей жоба: Тоқаев «Astana AI Film Festival» байқауын жоғары бағалады





