Жамбыл облысында пойыз темір жолға шығып кеткен 70 қойды жапырып өтті
© Сурет: gov.kz
Бүгін, 2 қазанда таңертең Жамбыл облысында "Жұма – Тамды" аралығында оқыс оқиға орын алды. Жүк пойызы теміржолға шығып кеткен 70 бас қойды жапырып өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған факті бойынша мал иесі, Тараз қаласының 66 жастағы тұрғыны анықталып, оған қатысты теміржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.
Көлік полицейлері мал иелерін теміржолға жақын аумақта жануарларды бақылаусыз жаюға жол бермеуге және белгіленген талаптарды қатаң сақтауға шақырады.
"Жыл басынан бері Көліктегі полиция департаментінде пойыздардың шұғыл тежелуінің 1 166 фактісі тіркелді. Оның 881-і үй жануарларының теміржолға шығуына байланысты болған", делінген хабарламада.
Бұған дейін Маңғыстау облысында бір отар қой жұмбақ жағдайда қырылып қалғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:53, 2 қазан 2026
«Қар аралас жаңбыр жауады». Сенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:16, 2 қазан 2026
ЕАЭО-ның жалпы ішкі өнімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1%-ға өсті
-
20:41, 2 қазан 2026
Соғыс қимылдары болып жатқан аймақтардан отандастарымызды елге қайтару: СІМ мәлімдеме жасады
-
19:44, 2 қазан 2026
Азиада-2026: Қазақстан медальдар жиынтығы бойынша жарыс кестесінде тағы бір сатыға жоғарылады
-
19:26, 2 қазан 2026
Өскеменде көпқабатты тұрғын үйдің ауласынан 18 жастағы жігіт асылулы күйінде табылды





