Бас прокуратура Мұғалімдер күні қарсаңында қазақстандықтарға шұғыл ескерту жасады
© Фото: freepik
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Қылмыстық қауіптер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы Мұғалімдер күні қарсаңында таралып жатқан жаңа алаяқтық схемадан сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шетелдік дереккөздердің мәліметінше, алаяқтар педагогтерге арналған тиімді сыйлық ұсыныстары бар жалған сайттарға сілтемелер жіберіп жатыр.
"Алаяқтар адамдарды алдау үшін жасанды интеллект көмегімен жоқ тауарлардың суреттерін жасайды, ал сатушының орнына сатып алушыға чат-бот жауап береді. Мұндай сайттар шынайы интернет-дүкендерге ұқсайды. Алайда төлем жасағаннан кейін сатып алушы ақшасынан да, сыйлығынан да айырылуы мүмкін", – деп мәлімдеді ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі 2026 жылғы 2 қазанда.
Өзін қорғау үшін қазақстандықтарға:
- күмәнді хабарламалардағы сілтемелерге өтпеу және көрсетілген нөмірлерге қоңырау шалмау;
- құпиясөздерді, PIN-кодтарды, банк карталарының CVV-кодтарын және SMS арқылы келетін растау кодтарын ешкімге айтпау;
- сайттың шынайылығына және сатушының сенімділігіне көз жеткізбей тұрып алдын ала төлем жасамау;
- тапсырыс туралы ақпаратты сатушының ресми сайты немесе қосымшасы арқылы тексеру ұсынылды.
Бұл ретте сайтты немесе қосымшаны өзіңіз ашқан жөн.
"Егер карта деректерін беріп қойған болсаңыз немесе күмәнді ақша есептен шығарылғанын байқасаңыз, дереу банкке хабарласып, картаны бұғаттаңыз және болған жағдай туралы полицияға хабар беріңіз", – деп ескертті Бас прокуратура.
Бұған дейін, 2026 жылғы 30 қыркүйекте ІІМ өкілдері Қазақстандағы интернет-алаяқтықпен күрес туралы айтқан болатын. Ведомство мәліметінше, мамандар 5,5 млрде теңгеден астам қаражаттың шетелге шығуының алдын алған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:46, 2 қазан 2026
«Қар жауып, қатты жауын-шашын болады». Еліміз бойынша 3 қазанға арналған ауа райы болжамы
-
17:33, 2 қазан 2026
Instagram арқылы 100 млн теңге пайда тапқан әйел төрт жылға сотталды
-
17:15, 2 қазан 2026
Азиада-2026: Қазақстан қоржыны күрестен тағы да екі қола медальмен толықты
-
16:51, 2 қазан 2026
Шымкентте 10 жастағы балалардың интим суреттерін сұраған күдікті ұсталды
-
16:46, 2 қазан 2026
Алматыда Байсейітова көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі





