Қазақстан ІІМ мас күйінде көлік жүргізгендерге кешірім беру туралы өтінішке жауап берді
© Сурет: Instagram/gov4c.kz
26 маусым күні Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев бұған дейін мас күйінде көлік тізгіндеген жүргізушілерге кешірім жасап, жүргізуші куәлігін қайтару туралы өтініштерге жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, қазіргі кезде жүргізуші куәлігінен айырылған азаматтар өздеріне рақымшылық жариялауды сұрап жүр.
"Олар ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы – "Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы" бойынша жауапқа тартылған. Бұл бапқа сәйкес, 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынып, көлік құралын басқару құқығынан жеті жыл мерзімге айырылады", - деп еске салды ол.
Алайда, комитет төрағасының айтуынша, бұл мәселеге қоғамда әртүрлі көзқарас бар: біреулер рақымшылық жасауды ұсынса, енді біреулер жазаны жұмсартуды жөн санайды.
"Бұл тақырып БАҚ пен әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланды. Біз пікірлерді мұқият бақыладық. Нәтижесінде халықтың 90%-ы бұл ұсыныстарға қарсы. Халық түсініп отыр: ол адам мас күйінде рөлге отырды – яғни, ол потенциалды қылмыскер. Ал ең көп шағымданып жүрген – сол мас күйде көлік жүргізгендер. Сонда олар мұны істемес бұрын не ойлады? Олар – ересек, заңды білетін азаматтар. Соған қарамастан, заңды бұзды. Ал қазір: "Табыстан айырылдық, жұмыс жоқ" дейді. Рақымшылық жасалмайды – бұл ІІМ-нің ұстанымы", - деді Сұлтанбаев.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:43, 16 желтоқсан 2025
Әуезов театрының 100 жылдығында «Еңлік – Кебек» қайта сахналанады
-
20:22, 16 желтоқсан 2025
Шымкент таеквондодан Қазақстан чемпионаты өтеді
-
20:03, 16 желтоқсан 2025
Qazaqstan телеарнасы 16 желтоқсанда Димаш Құдайбергеннің концертін көрсетеді
-
19:52, 16 желтоқсан 2025
Көлік министрлігі мерекелік күндердегі әуе рейстеріне қатысты маңызды шешім қабылдады
-
19:52, 16 желтоқсан 2025
Билік мереке кезеңде әуе компаниялары мен әуежайларға жұмыс режимін күшейтуді тапсырды





