Қазақстан адами капиталды дамытуға дәйекті түрде инвестиция құйып отыр - Тоқаев
© Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысында Қазақстанның адами капиталды дамытуға дәйекті түрде инвестиция құйып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент Alem.ai халықаралық орталығында TUMO және Tomorrow School жаңа буын мектептері ашылғанын да атап өтті.
"Telegram және Presight секілді халықаралық серіктестермен бірге заманауи зертханалар құрылды. Жасанды интеллект Қазақстанның білім беру жүйесіне кеңінен енгізіліп жатыр. Мен жақында қол қойған Жарлыққа сәйкес, ЖИ орта білімді жаңғыртудың негізгі элементіне айналмақ. Әрине, бұл жоба педагогтерді алмастыра алмайды, бірақ ұстаздардың мүмкіндігін кеңейтеді. Жарлықта дербес оқыту тетігін құру, цифрлық инфрақұрылымды нығайту, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру және білім беру стандарттарын жаңғырту қарастырылған. Біз пилоттық жобаны іске қостық, бұл тәжірибе кейін ел көлеміне таратылады". Қасым-Жомарт Тоқаев
Оның айтуынша, аталған бастама қала мен ауыл мектептерінің білім алшақтығын қысқартып, ЖИ дәуірінде әр балаға жоғары сапалы білім беруді көздейді.
"Жасанды интеллект мемлекеттік басқару тиімділігінің шешуші факторына айналуда. Қазақстан жаңғыру үдерісінде көш бастау үшін алдын ала қимылдап, тиісті институционалдық ортаны қалыптастырып жатыр. ЖИ саласындағы әлемге әйгілі сарапшы, Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес мүшесі доктор Ли Кай Фу жақында Астанадағы Alem.ai халықаралық орталығында мемлекеттік органдардың жоғары лауазымды басшыларына оқу семинарын өткізді. Семинар жасанды интеллектіні мемлекеттік басқаруда стратегиялық тұрғыдан пайдалану, ЖИ-ге бағдарланған операциялық модельдерді, ЖИ агенттерді қолдану және Қазақстандағы ұлттық технологиялық стекті дамыту мәселелерін қамтыды. Мемлекет басшысы
Президенттің пікірінше, мемлекеттік қызметшілерді ұдайы оқыту жасанды интеллектіні жедел енгізуге ықпал етіп, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыра түседі.
"Бұдан бөлек, Қазақстанда өңіріміздегі алғашқы арнаулы жасанды интеллект университеті білім алушыларды қабылдайды. Бірегей жоғары оқу орны озық зерттеулердің, инновация мен жоғары білікті маман даярлаудың орталығына айналмақ. Білім мен технологияға қаржы құйып, дарындыларды қолдай отырып, жасанды интеллект ұлттық экожүйесінің берік негізін қалаймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұған дейін Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 150 млрд доллардан асқанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:20, 2 шілде 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік инвесторлар мен халықаралық ұйым басшыларын мемлекеттік наградалармен марапаттады
-
16:12, 2 шілде 2026
Алматыда су қорғау аймағындағы 17 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды
-
16:06, 2 шілде 2026
Теңге қарқыны күшейді: доллар, рубль және юань бағамы төмендеді
-
15:58, 2 шілде 2026
Жаңа Конституцияға байланысты рақымшылық: салық саласындағы қандай айыппұлдар кешіріледі
-
15:43, 2 шілде 2026
Президент: Қазақстанның түпкі мақсаты – елімізді агроөнеркәсіп өнімдерін терең өңдейтін орталыққа айналдыру





