Құрылтай сайлауы: қаржыландыру көздері мен шығыстар түрі аталды

19:27, 1 шілде 2026

© Фото: zakon.kz

ОСК мүшесі Михаил Бортник 2026 жылғы 1 шілдеде Құрылтай сайлауы мен сайлауалды науқанды қаржыландыру жайына тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, түпкілікті сома үкіметтің шешімімен анықталады.

"Құрылтай депутаттарын сайлау республикалық бюджет қаражаты есебінен жергілікті атқарушы органдарының шоттары арқылы қаржыландырылады деп ойлаймын. Өйткені заңда солай көрсетілген. Алайда сайлау өткізу жайы 2026 жылғы бюджетте қарастырылмаған, сондықтан қаражат үкімет резервінен бөлінетін болады. Ал бүгін қандай да бір цифрлар туралы айтуға әлі ерте, алдында айтқанымдай, шығындар сметасы түзіліп жатыр. Бірақ, сонымен қатар мына жайттарға тоқтала кеткім келеді. Сметаның шамамен 75%-ы сайлау комиссияларының 71 мың мүшесінің еңбекақысын төлеуге жұмсалады. Бұл көрсеткіш өткен референдумның көрсеткіштеріне сай келеді және сол шектерде сайлау комиссиялары мүшелерінің еңбекақысын төлеуге байланысты шығыстарды жоспарлаймыз", – деді Бортник.

Сондай-ақ, оның айтуынша, полиграфиялық өнімдерді дайындау шығындары да қарастырылған.

"Бұған сайлау бюллетеньдері, ақпараттық плакаттар, сайлау учаскелерінде орналастырылатын партиялар туралы ақпараттық қағаздар кіреді. Сондай-ақ сайлау науқанын ақпараттық тұрғыда сүйемелдеу жайы да қарастырылған. Бұл - бейнероликтер, БАҚ-тағы акциялар. Сайлау комиссияларының жұмысын материалдық-техникалық қамсыздандыруды жақсарту үшін жағдайлар жасалатын болады. Жұмысты ұйымдастыру кезінде учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері үшін іссапар шығыстары қарастырылады. Сондай-ақ, көлік қызметтері мен байланыс қызметтерінің де шығындары бар. Нақты цифр жайлы кейіннен айтатын боламыз", - деді Бортниик.

Бұған дейін Құрылтай депутаттары сайлауына қатысуға жеті партия рұқсат алғанын жазған болатынбыз.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!