Президент: Қазақстанның түпкі мақсаты – елімізді агроөнеркәсіп өнімдерін терең өңдейтін орталыққа айналдыру
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысында ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты бірқатар өзекті мәселелерді көтерді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайымдауынша, Қазақстанның түпкі мақсаты – тек ауыл шаруашылығын дамытып қоймай, елімізді агроөнеркәсіп өнімдерін терең өңдейтін өңірлік орталыққа айналдыру.
"Біз шикізат экспорттаумен шектеліп қалмай, ел ішінде қосылған құны жоғары өнім шығаруға ұмтыламыз. Ол үшін, ең алдымен, тамақ өнеркәсібін дамытуға, озық технологияларды енгізуге және орнықты өндірістік-нарықтық тізбекті қалыптастыруға басымдық беру өзекті. Аталған салада өндірістік циклдің барлық кезеңіне инвестиция салуға мол мүмкіндік бар. Біз жасанды интеллект, роботтандыру технологияларын және Индустрия 4.0 шешімдерін тамақ өнеркәсібіне белсенді түрде енгізе бастадық. ЖИ негізінде сапаны бақылау жүйесі, құрал-жабдыққа болжамды қызмет көрсету технологиясы, автоматтандырылған өндірістік желі және жеткізу тізбегін интеллектуалды басқару өнеркәсіп тиімділігін айтарлықтай арттырады, жоғары өнім сапасы мен қатаң сақталатын халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкестікті қамтамасыз етеді", деді ол.
Сонымен қатар, оның айтуынша, интеллектуалды логистика жүйелеріне, автоматтандырылған қойма кешендеріне, мұздатқыш инфрақұрылымына және заманауи қаптама технологияларына инвестиция салу агроөнеркәсіп саласындағы бір-біріне толықтай кіріктірілген, яғни өндірістік-нарықтық цифрлық тізбекті қалыптастыруға мүмкіндік береді.
"Халықаралық инвесторларды, жетекші азық-түлік өндірушілерді, технологиялық компанияларды және ЖИ шешімдерін әзірлеушілерді осы ауқымды трансформацияға атсалысуға шақырамыз, – деді Президент.
Бұған дейін Астанада сирек кездесетін металдар бойынша геологиялық деректер ұсынатын бірыңғай орталық құрылатындығын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:01, 2 шілде 2026
Тоқаев Одиль Рено-Бассоны қабылдады
-
16:52, 2 шілде 2026
Қырғызстан жанармай жеткізу мәселесіне байланысты Қазақстанға ресми түрде жүгінді
-
16:41, 2 шілде 2026
Тараз мен Алматыдағы ауқымды арнайы операция: ұйымдастырушы мен қылмыстық топ өкілдеріне үкім кесілді
-
16:34, 2 шілде 2026
Жетісу облысында ЖИ оқушыларды дағдарыстан құтқарудың көмекші құралына айналды
-
16:20, 2 шілде 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік инвесторлар мен халықаралық ұйым басшыларын мемлекеттік наградалармен марапаттады





