Қазақстан артылып жатқан жағдайда Ресейге жанар-жағармай материалдарын жеткізуге дайын
© Фото: zakon.kz
Қазақстан ресми сұрау түскен жағдайда Ресей Федерациясына жанар-жағармай материалдарын (ЖЖМ) жеткізу мүмкіндігін қарастыруға дайын, алайда елдің ішкі нарығын толықтай қамтамасыз ету, сөзсіз, басым міндет болып қала береді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылғы 1 шілдеде ҚР Энергетика министрлігі көршілес мемлекетке автомобиль отынын жеткізу мүмкіндігі туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме бере отырып хабарлады.
Құзырлы ведомство түсіндіріп өткендей, "Ресей Федерациясы үкіметінен автомобиль отынын сатып алу жөнінде ресми өтініш түскен жағдайда, Қазақстан өзара тиімді коммерциялық шарттар негізінде жанар-жағармай материалдарын жеткізу мүмкіндігін қарастыруға дайын".
Бұл ретте Энергетика министрлігі мұндай уағдаластықтарға негізінен қол жеткізуге болатын жағдайларды нақты айқындай кетті.
"Мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы халықаралық келісімдер мен коммерциялық шарттарды жасасу тек жеткілікті бос ресурстық әлеует болған жағдайда ғана мүмкін. Қазақстанның ішкі нарығын толық әрі үздіксіз қамтамасыз ету – сөзсіз басымдық болып қала береді. Экспорттық жеткізілімдер азаматтар мен ел экономикасының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге қауіп төнбеген жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін", - дейді ведомстводан.
Бұған дейін Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2026 жылғы 26 маусымда Үкімет дәлізінде журналистерге берген сұқбатында Ресейге 50 мың тонна бензин жеткізілуі мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:59, 1 шілде 2026
«Аптап ыстық, дауыл, нөсер жаңбыр». Еліміз бойынша дауылды ескерту жарияланды
-
22:39, 1 шілде 2026
Жаңа саяси кезең үлкен жауапкершілік жүктейді
-
21:55, 1 шілде 2026
Алматыда самокатқа мінген блогер айыппұл арқалады
-
21:44, 1 шілде 2026
«Бригада» мен «Бумер» фильмдерінде ойнаған актердің денесі өзеннен табылды
-
20:44, 1 шілде 2026
БҚО-да арнайы операция барысында ірі көлемдегі мефедрон тәркіленді





