Ұлттық Банк теңгеге шаққандағы доллар бағамына қатысты мәлімдеме жасады
© Сурет: Zakon.kz
ҚР Ұлттық Банкі бүгін, 2026 жылғы 1 шілдеде еліміздің валюта нарығы бойынша ай сайынғы ақпараттық хабарламаны жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оған сәйкес, маусым айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 479,98 теңгеге дейін 1,3%-ға нығайды. Қазақстан қор биржасындағы бір күндік сауда-саттықтың орташа көлемі бір айда 392 миллионнан 369 млн АҚШ долларына дейін төмендеді. Ал жалпы сауда-саттық көлемі 8,1 млрд АҚШ долларына жетті.
"Қысқамерзімді келешекте теңге бағамының динамикасы нарыққа қатысушылардың күтулеріне, тоқсандық салық төлемдеріне, әлемдік нарықтағы ахуал мен геосаяси жағдайдың өзгеруіне байланысты қалыптасады. Ұлттық Банк қаржылық теңгерімсіздікке жол бермейтін және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ары қарай да ұстана береді", деп мәлімдеді сәрсенбіде ҚР Ұлттық Банктің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ Ұлттық Банк маусым айында биржа нарығында Ұлттық қордан 200 млн АҚШ доллары көлемінде валюта сатылғанын, Ұлттық қордан сатылған көлемнің үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 2,6%-ын немесе күніне шамамен 9 млн АҚШ долларын құрағанын да нақтылады.
"Жыл бойы бюджеттік түсімдер мен шығыстардың біркелкі болмайтынын ескере отырып, 2026 жылғы маусымнан бастап Қаржы министрлігіне берілетін трансферттер республикалық бюджеттің нақты қажеттілігіне қарай бөлінеді. Бұл тетік Ұлттық қордан сатылатын трансферттердің жалпы көлемі валюта нарығында Ұлттық Банк тарапынан жыл соңына дейін біркелкі қалыпта "айналанатынын" көрсетеді. Осы мақсатта Ұлттық Банк маусым айында Ұлттық қордан 460 млн АҚШ долларын сатып алды. Бұл қаражат Ұлттық қор операцияларын "айналау" тетігі аясында 2026 жылдың соңына дейін ішкі валюта нарығында біркелкі сатылады". ҚР Ұлттық Банктің баспасөз қызметі
Биржа нарығында Ұлттық Банктің Ұлттық қордан шілде айында сататын валюта көлемі 200-ден 300 млн АҚШ долларына дейінгі аралықты құрамақ.
"Маусым айында айналау операциялары аясында шамамен 354 млрд теңге айналымнан алынды. 2026 жылғы ІІІ тоқсан ішінде осы тетік аясында шамамен 1,1 трлн теңгеге балама сомаға шетелдік валюта сатылады деп жоспарланып отыр". ҚР Ұлттық Банктің баспасөз қызметі
Ұлттық Банк Ұлттық қор қаражатымен операция жүргізгенде де, айналау тетігін іске асырғанда да нарықта бейтарап болу қағидатын қатаң ұстанады.
Маусым айында Ұлттық Банк тарапынан валюталық интервенциялар жүргізілген жоқ.
Квазимемлекеттік сектор субъектілері өздерінің валюталық түсімдерінің бір бөлігін міндетті түрде сату талабы аясында өткен айдың қорытындысы бойынша сатылған валюталық түсімнің көлемі шамамен 423 млн АҚШ долларын құрады.
"БЖЗҚ-ның зейнетақы активтеріндегі валюталардың үлесін тұрақты ұстап тұру үшін Ұлттық Банк маусым айында биржадағы сауда-саттық кезінде шетелдік валюта сатып алды. Оның жалпы сомасы 92 млн АҚШ долларын немесе жалпы сауда-саттық көлемінің 1,2%-ға жуығын құрады. Алдағы уақытта бұған қатысты шешімдер зейнетақы активтерін инвестициялық басқару аясында нарықтағы ахуалға қарай қабылданады".ҚР Ұлттық Банктің баспасөз қызметі
Бұған дейін Қазақстанда жоспарланған электрондық сауданың жаңа нормалары 1 шілдеде күшіне неге енбегені хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:44, 1 шілде 2026
БҚО-да арнайы операция барысында ірі көлемдегі мефедрон тәркіленді
-
20:36, 1 шілде 2026
Михаил Ломтадзе Kasper-ді таныстырды: Kaspi.kz-тен әрбір қазақстандыққа арналған жеке AI-көмекші
-
20:21, 1 шілде 2026
Степногорскіде жоғалып кеткен 13 жасар жасөспірім қыз аман-есен табылды
-
19:53, 1 шілде 2026
Алматы маңындағы өзен кенерінен асып, супермаркет пен бірнеше көлікті су басты
-
19:27, 1 шілде 2026
Құрылтай сайлауы: қаржыландыру көздері мен шығыстар түрі аталды





