Құрылтай сайлауына қатысуға жеті партия рұқсат алды
© Фото: zakon.kz
Орталық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 1 шілдеде Құрылтай сайлауына партияларды қатыстыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жалпы алғанда, қазіргі уақытта сайлауға 7 партияға қатысуға рұқсат берілді.
"Ақ жол" ҚДП республикалық қоғамдық бірлестігін,"Ауыл" партиясын, "Әділет"с аяси партиясын, "Байтақ" қазақстандық "жасылдар" партиясын, Қазақстан Халық партиясын, "Республика" партиясын және Жалпыұлттық социал-демократиялық партияны 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Құрылтай депутаттарын сайлауға қатыстыру туралы қаулы қабылдансын", - деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.
AMANAT партиясына келетін болсақ, ол "Әділет" партиясымен біріктірілетіні белгілі.
"Құрметті әріптестер, ОСК-ға AMANAT партиясынан Құрылтай депутаттары сайлауына қатыспайтындықтары туралы ресми хат келіп түсті. Өтініш қабылданды", - деді Әбдіров.
Бұған дейін ОСК Құрылтай сайлау алды науқандарының негізгі даталарын бекіткен болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:58, 1 шілде 2026
Ұлттық Банк теңгеге шаққандағы доллар бағамына қатысты мәлімдеме жасады
-
19:53, 1 шілде 2026
Алматы маңындағы өзен кенерінен асып, супермаркет пен бірнеше көлікті су басты
-
19:27, 1 шілде 2026
Құрылтай сайлауы: қаржыландыру көздері мен шығыстар түрі аталды
-
18:58, 1 шілде 2026
Ғалымдар Қазақ хандығының қалыптасу кезеңіне жататын ежелгі мавзолейді тапты
-
18:25, 1 шілде 2026
ОСК Құрылтай депутаттарын сайлауға арналған сайлау құжаттарының нысандарын айқындады





