Михаил Ломтадзе Kasper-ді таныстырды: Kaspi.kz-тен әрбір қазақстандыққа арналған жеке AI-көмекші
© Сурет: Kaspi.kz
Kasper Kaspi Магазинде тауарды сенімді таңдауға көмектеседі: ол клиенттің сұранысын түсінеді, нақтылайтын сұрақтар қояды, нұсқаларды салыстырады, күрделі терминдерді қарапайым тілмен түсіндіреді және ең үздік тауарды таңдауға көмектеседі.
Алматы, 1 шілде 2026 жыл — Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе Kaspi Магазиндегі жаңа AI-көмекші – Kasper-ді таныстырды. Таныстырылым Алматы қаласында "Қалыптан шығу уақыты келді!" ұрансөзімен өтті.
Kasper — Kaspi.kz инновациялары тарихындағы жаңа кезең. Бұған дейін клиенттер тауарларды кілт сөздер арқылы іздеп, сипаттамаларын салыстырып, пікірлерді оқып, көптеген нұсқаның ішінен таңдау жасайтын. Енді өз қажеттілігіңізді қарапайым сөзбен жеткізу жеткілікті — Kasper дәл сізге сәйкес келетін тауарды таңдауға көмектеседі.
Мысалы: "Пәтерге шаңсорғыш таңдауға көмектесші. Үйде кілем, плитка және мысық бар" немесе "Жақсы камерасы мен үлкен экраны бар смартфон керек". Kasper нақтылайтын сұрақтар қойып, лайықты тауарларды ұсынады, оларды салыстырады және олардың айырмашылығын қарапайым тілмен түсіндіріп, қайсысы сіздің қажеттілігіңізге көбірек сәйкес келетінін көрсетеді.
Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:
"Біз үшін инновация — бір күн ғана таңғалдыратын жаңа технология ғана емес. Нағыз инновация — технология миллиондаған адамға пайдалы болып, олардың күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналуы керек. Біз әрдайым сүйікті клиенттеріміздің өмірін жақсартуға ұмтыламыз. Kaspi Магазинді іске қосқанда мақсатымыз өте қарапайым болды: әрбір қазақстандық барлығын бір жерден сатып алуы керек. Бүгінде Kaspi Магазинде 106 мың сатушы, 20 миллион тауар, бағалар, пікірлер, рейтингтер, толық сипаттамалар мен тауарлар туралы ақпарат — барлығы клиенттің айналасына топтастырылған. Біз "қайдан сатып алу керек?" деген мәселені шештік. Бірақ таңдау мүмкіндігі өте ауқымды бола түскен кезде жаңа міндет пайда болды — клиентке сенімді таңдау жасауға көмектесу. Әр адам әрбір тауар бойынша сарапшы болуы міндетті емес. Енді өзіңізге не қажет екені туралы жай ғана тапсырма берсеңіз жеткілікті, Kasper түсінуге, салыстыруға, күрделі терминдерді қарапайым тілмен түсіндіруге және өзіңіз үшін ең жақсы нұсқаны таңдауға көмектеседі. Kasper — біздің үлкен мақсатымызға бастайтын алғашқы қадам: әрбір қазақстандыққа күнделікті міндеттерді шешуге көмектесетін жеке AI-көмекші ұсыну. Бұрын жеке көмекші санаулы адамдарда ғана болатын. Біз әрбір клиентіміздің жеке AI-көмекшісі болғанын қалаймыз. Жаңа әрі керемет сервистерді үлкен шабытпен жасап жатқан командамызға алғыс айтқым келеді. Сондай-ақ бізбен бірге болғаны үшін әрбір сүйікті клиентіміз бен серіктесімізге шын жүректен рақмет!".
Kasper клиенттерге таңдау қиын сәтте адаспауға көмектеседі. Ол қойылған міндетті түсінеді, нақтылайтын сұрақтар қояды, тауарларды салыстырады, айырмашылықтарын қарапайым тілмен түсіндіреді және сізге ең қолайлы нұсқаны таңдауға көмектеседі.
Kasper қазақ және орыс тілдерінде сөйлеседі. Оған сұрақтарды мәтін арқылы да, дауыспен де қоюға болады.
Шілде айында Kasper алдымен Алматы қаласындағы клиенттерге қолжетімді болады, кейін біртіндеп бүкіл ел аумағында іске қосылады.
Kaspi.kz туралы
Kaspi.kz миссиясы — сүйікті клиенттері мен серіктестерінің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен сервистер жасау.
Kaspi.kz сервистерін Қазақстан мен Түркияда 25 миллионнан астам клиент және 900 мың серіктес пайдаланады. Қазақстанда Kaspi.kz суперқосымшасы төлемдер, электрондық коммерция, онлайн-супермаркет, финтех, саяхат, хабарландырулар, мемлекеттік қызметтер және басқа да күнделікті сервистерді біріктіреді.
Түркияда Kaspi.kz елдегі жетекші электрондық коммерция платформаларының бірі — Hepsiburada-ға иелік етеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:55, 1 шілде 2026
Алматыда самокатқа мінген блогер айыппұл арқалады
-
21:44, 1 шілде 2026
«Бригада» мен «Бумер» фильмдерінде ойнаған актердің денесі өзеннен табылды
-
20:44, 1 шілде 2026
БҚО-да арнайы операция барысында ірі көлемдегі мефедрон тәркіленді
-
20:21, 1 шілде 2026
Степногорскіде жоғалып кеткен 13 жасар жасөспірім қыз аман-есен табылды
-
19:58, 1 шілде 2026
Ұлттық Банк теңгеге шаққандағы доллар бағамына қатысты мәлімдеме жасады





