Ақмоладағы жеке лагерьде оқушылар жаппай уланды: полиция істің мән-жайын анықтауда
© Фото: Zakon.kz
Ақмола облысында мектеп оқушылары жаппай уланды. Төтенше жағдай Біржан сал ауданындағы жеке білім беру-сауықтыру орталығында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жетінші арна" ақпаратына сүйенсек, 9 бен 12 жас аралығындағы балалар түн ішінде Көкшетау мен аудан ауруханаларына жеткізілген. Балалардың айтуынша, бәрі бәліш пен балмұздақ жеген. Бурабайға экскурсияға барған. Қазір облыстық орталық ауруханада төрт бала ем алып жатыр, екеуі лагерьге қайтарылған.
Жергілікті тұрғындардың мәліметінше, зардап шеккендер саны бұдан да көп болуы мүмкін.
Белгілі болғандай, орталық – жыл бойы жұмыс істейтін тілдік лагерь. Санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы болған. Полиция қылмыстық іс қозғады.
Бұған дейін Жамбыл облысында мектеп жөндеуіне бөлінген 78 млн теңге бюджетке қайтарылғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:06, 2 шілде 2026
2 шілдедегі Астана, Алматы және Шымкент айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы
-
11:54, 2 шілде 2026
Байқоңыр кезекті кемені ғарышқа ұшыруға дайындауда
-
11:47, 2 шілде 2026
Мексика құрамасының әлем чемпионатындағы жеңісі қайғылы жағдаймен аяқталды
-
11:35, 2 шілде 2026
Геннадий Головкиннің бокс қолғабы музей қорына тапсырылды
-
11:26, 2 шілде 2026
Жамбыл облысында есірткі сатумен айналысқан топтың ұйымдастырушысы сотталды





