Қасымбек: Жамбыл облысында зардап шеккен пойыз қалпына келтірілді

17:22, 18 маусым 2018

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пойыз апатына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Комиссияның басшылығы оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Таңертеңнен бері эксперименттік шаралар жүргізілді. Өйткені бұқаралық ақпарат құралдарында түрлі нұсқалдар сөз болып жатыр. Осы орайда бүгінгі эксперимент барысында пойыздардың жанама соқтығысуы алдын ала расталмады. Қазіргі кезде барлық себептер зерделенуде», - деп тоқталды ведомство басшысы.

Сонымен қатар министр теміржол бойындағы қозғалыс қалпына келтірілгенін еске салып өтті.

Ж. Қасымбектің атап өтуінше, пойыз апатының мән-жайына қатысты және өзге сұрақтарға байланысты арнайы баспасөз мәслихаты өтеді.

«Зардап шеккендер мен қаза болған адамға қатысты өтемақы бойынша шешім ҚТЖ-мен бірлесе жасалады. Жалпы, тексеру шаралары тиісті уақытты қажет етеді», - деді Жеңіс Қасымбек.

Мұнымен қоса ол комиссия өкілдері пойыз машинисінің іс-қимылдарына да баға беретінін жеткізді.

«Кез келген көлік құралы, яғни теміржол жолаушылар құрамы міндетті түрде қажетті жөндеу жұмыстарымен және басқа да шаралармен қамтылады. Атап айтқанда, бұл талаптар қатаң түрде орындалады. Егер де пойыз жолға шықса, онда осы көлік техникалық тұрғыда дұрыс болғанын білдіреді», - деді Ж. Қасымбек.



Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!