Каспий жағалауында 20 шақты аққудың өлексесі табылды

12:11, 12 ақпан 2026

© Сурет: pixabay

Маңғыстау облысында аққу қырылып жатыр. Қазірдің өзінде теңіз жағасынан жиырма шақты киелі құстың өлексесі табылған, деп хабарлайды Zakon.kz. к

КТК телеарнасының ақпаратынша, мамандар бұны табиғи құбылыс дейді. Өйткені аққулар әр жерден табылған. Тіпті бір екеуін ит талап тастаған көрінеді. Қанаты сынып, ұша алмай қалған құстар да бар екен.

Экология басқармасы мен ветеринария мамандары теңіз суы мен өлекселерден сынама алды. Сол арқылы аққулардың нақты неден өлгенін анықтамақ. Киелі құс теңіз суынан уланды деген болжамды да тексереді. Сынама қорытындысы бір аптада дайын болмақ. Қазір Қарақия-Қаракөл қорығы аумағындағы Қаракөл көлінде мониторинг жүргізіліп жатыр.

"Табиғи өлім деген болады. Кез келген жануар болсын, аң болсын, құс болсын, оның популяциясында белгілі бір пайызы өлуі мүмкін. Ол қыста ауа райына байланысты. Мысалы, аққулардың негізгі тоқсан пайызы – жас аққу, былтырғы балапандар. Олар қысқа әлі күйі келмеген, үйреніскен жоқ. Кеше қар жауды, мұз, аяз болды. Осыған байланысты ішінде негізі жас аққулар өліп жатыр. Қысқа жақсы дайындықпен келген үлкен аққулар, ірі аққулар өлуі өте сирек",- дейді Ғаббас Досатов, Маңғыстау облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақ инспекциясының басшысы.

Бұған дейін қолайсыз ауа райында 3 айлық сәбимен жолда қалған жанұя полицейдің үйінде түнеп шыққанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!