Қаскелеңнен Алматыға апарар жол сегіз жолақты болады
© Сурет: gov.kz
Қаскелеңнен Алматыға апаратын жол 8 жолаққа дейін кеңейтіліп, бес арнайы көлік эстакадасы салынады. Бұл туралы Алматыға жұмыс сапарымен барған көлік министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Көлік министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған жұмыс Мемлекет басшысының Алматы агломерациясын дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында жүргізіледі.
Құрылыс екі кезеңде жүргізілмек:
- бірінші кезең аясында ҮАААЖ-нан (Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы) Қаскелең өткеліне дейінгі учаске қамтылса,
- екінші кезеңде Қаскелең өткелінен Әйтей ауылына бұрылысқа дейінгі учаске қамтылмақ. Жобалау жұмыстары басталды.
"Аталған шара көлік қатынасын жақсартуға және жол жүру уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді деп күтілуде. Сөз етілген учаскедегі өткізу қабілеті тәулігіне 60 мыңнан 90 мың көліккк дейін ұлғаяды. Жолдың кеңеюі кептелістің төмендеуіне әкеледі деп күтілуде. Автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер үшін қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мамандар 12 жер үсті жаяу жүргіншілер өткелін салады", делінген хабарламада.
18 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жолды жауып қалғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:57, 19 қаңтар 2025
Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты доғару туралы келісім өз күшіне енді
-
15:45, 19 қаңтар 2025
Australian Open: Заңғар Нұрланұлы атақты теннисші Хьюиттің ұлын ұтып кетті
-
14:54, 19 қаңтар 2025
Қосшы маңындағы ауылда жеке үйде газ жарылып, бір адам зардап шекті
-
13:46, 19 қаңтар 2025
«Сенбеңіздер, қайтып келе жатырмыз алданып!». Алматылық жігіт Ресейде құлдыққа түсе жаздаған
-
13:27, 19 қаңтар 2025
Алматыдан 364 шақырымда жер сілкінісі болды