Қарағандыда тәртіп сақшылары тонау қылмысын жасаған күдіктіні құрықтады

15:08, 6 қыркүйек 2024

© Сурет: Zakon.kz

Қарағандыда тәртіп сақшылары тонау қылмысын жасаған күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды қалалық полиция басқармасы, патрульдік полиция полкінің қызметкерлері ашық тонау жасады деген күдікпен 23 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Бұл қылмысты тәртіп сақшылары 5 минут ішінде анықтады.

Күдікті қаладағы автобус аялдамаларының бірінде 21 жастағы жәбірленушінің қолынан телефонын тартып алып, оқиға орнынан ізін суытқан. Келтірілген шығын көлемі 80 мың теңгені құрады.

Күдікті жасаған қылмысы туралы мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ зат тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!