«Қайрат» - «Алашкерт» матчы көрерменсіз өтеді

15:09, 30 шілде 2021

© Сурет: fckairat.com

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ж.Бекшиннің шешімі бойынша 2021 жылғы 23 шілдедегі Алматыдағы шектеу және карантиндік шараларды қатаңдату туралы ережеге сәйкес бұқаралық спорттық іс -шараларға көрермендердің қатысуына тыйым салынды.

Жарлық 26 шілдеде күшіне енді.

Осылайша, УЕФА Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі "Қайрат" пен "Алашкерт" арасындағы матч көрерменсіз өтеді. Аталған матч 5 тамызға жоспарланған, дейді aladop.kz.

"Қайрат" футбол клубы жанкүйерлердің Орталық стадионда командаға қолдау көрсетуі үшін барлық күш-жігерін жұмсады, бірақ қаладағы эпидемиологиялық жағдай матчты көрермендермен өткізуге мүмкіндік бермейді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!