Қазақстандық студенттерге дипломдарды тану конвенциясын ратификациялау қандай пайда береді
© Фото: gov.kz
2026 жылғы 15 қаңтарда Сенат қабырғасындағы пікір алмасуда ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов студенттерге Азия-Тынық мұхит өңірлік жоғары білім саласындағы квалификацияларды тану конвенциясының ратификациясы қандай мүмкіндік беретіні туралы айтып берді.
Талғат Ешенқұлов конвенцияның Қазақстан азаматтарына да, шетелдік студенттерге де ерекше мүмкіндіктер беретінін атап өтті.
"Әр елдегі дипломдар өз елінде нострификация немесе тану процедурасынан өтуі тиіс. Мысалы, студент Кореяда университетті бітіріп, Қазақстанға оралса, өз дипломын Қазақстанда тану процедурасынан өткізуі керек. Олар дипломдарын осы процедура үшін біздің министрлікке немесе бағынышты ұйымға тапсырады. Кейін біз келесі әрекеттерді жасаймыз: университетке сұрау жібереміз – студент шынымен сол жерде оқыған ба; министрлікке сұрау жібереміз – университеттің лицензиясы немесе аккредитациясы бар ма, т.б. Яғни, біз білім сапасын тексереміз", – деді вице-министр.
Содан кейін оның білім беру стандарттарының біздің талаптарға сәйкестігі тексеріледі және тек осыдан кейін ғана дипломды тану немесе танымау туралы шешім шығарылады.
"Ратификация бізге не береді? Ратификация дипломды автоматты түрде тануға мүмкіндік бермейді, бірақ тану процедурасын жеңілдетеді – бізге осы елдердің дерекқорына кіру мүмкіндігін береді. Осылайша, жоғарыда айтқан барлық кезеңдер қысқарады. Нострификация процедурасын жүргізгенде біз дерекқорға кіріп, ақпаратты қысқа мерзімде алып, рәсімді жеңілдетеміз. Бұл біздің студенттерге дипломдарын Қазақстанда тез нострификациялауға мүмкіндік береді", – деп қорытындылады Талғат Ешенқұлов.
Сенатор Руслан Рүстемов конвенцияның академиялық және кәсіби мобильділікті кеңейтуге бағытталғанын атап өтті.
"Конвенцияға қосылу біздің азаматтардың дипломдары мен квалификацияларын осы аймақ елдерінде тану процедурасын едәуір жеңілдетеді, студенттер мен оқытушылардың академиялық мобильдігін арттырады, ұлттық білім жүйесіне халықаралық сенімділікті күшейтеді және шетелде жұмысқа орналасу кезінде азаматтардың құқықтарын қорғауға қосымша кепілдіктер береді", – деді депутат.
Бұған дейін балық шаруашылығына қатысты маңызды құжат қабылданғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:43, 15 қаңтар 2026
«Соңғы демім қалғанша»: әнші Бүркіт кенже қызына жүрекжарды уәде берді
-
16:37, 15 қаңтар 2026
Мемлекет басшысына қаржы нарығын дамытудың 2025 жылғы нәтижелері мен алдағы міндеттері туралы баяндалды
-
16:32, 15 қаңтар 2026
2026 жылы бизнес нені ескеруі керек
-
16:22, 15 қаңтар 2026
Қостанай облысында қарасора өсіру фактісі анықталды
-
16:13, 15 қаңтар 2026
15 қаңтардағы саудада доллар тағы қымбаттады





