Қазақстанда әлеуметтік желілердегі қауіпті жарнамаларды бұғаттау ұсынылды
© Фото: pexels
2026 жылғы 15 қаңтарда Сенат депутаты Геннадий Шиповских пленарлық отырыста әлеуметтік желілер арқылы нашақорлық, жезөкшелік және басқа да заңға қарсы контенттің жарнамасы қалай таралатыны туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Геннадий Шиповских әлеуметтік желілердегі жарнаманың көптігінен бөлек, оның агрессивті сипаты да алаңдатарлық жағдай екенін айтты. Әсіресе, бұл жарнама блогерлер, инфлюенсерлер, өнер және спорт саласының танымал тұлғалары арқылы таратылған кезде нағыз қауіп белгісі болмақ.
"Олар тікелей азаматтардың шешіміне, тұтынушылық таңдауына және тіпті денсаулығына әсер етеді. Соның нәтижесінде соңғы уақытта қаржылық пирамидаларға алданған, сапасыз және жалған өнім сатып алған, заңсыз инвестициялық жобаларға қаражат салып, оны жоғалтқан азаматтар саны едәуір артты. Жарнама арқылы оны беруші мен тараттушы пайда көреді, ал тәуекел мен салдар қарапайым адамдардың мойнына түседі", – деді депутат.
Ол сондай-ақ әлеуметтік желілерде нашақорлық, жезөкшелік, онлайн-казино және порнографиялық контенттің жарнамасының үздіксіз таралып жатқанын атап өтті.
"Үшіншіден, соңғы уақытта әлеуметтік желілерде медицина саласында білімі жоқ адамдардың белсенді түрде урологиялық өнімдерді, гормондық препараттарды, салмақ төмендетуге, иммунитетті көтеруге арналған қоспаларды, сондай-ақ ерлердің сексуалдық денсаулығына әсер ететін құралдарды жарнамалауы кең тараған. Бұл өнімдер "табиғи, қауіпсіз, дәрігердің рұқсатынсыз" деп ұсынылады. Алайда адам жарнамаға сеніп, денсаулығына зиян келтірсе, жауапкершілікті кім көтереді? Миллиондаған қаралым жинаған жарнама авторы ма, әлде өз мәселесімен жалғыз қалған қарапайым халық па?" – деп алаңдаушылығын білдірді ол.
Депутат Meta, TikTok және басқа платформалармен бірге Қазақстан аумағында тыйым салынған, қауіпті және қоғамдық қауіп төндіретін жарнамалардың таралуын болдырмауға нақты келісімдер жасау ұсынысын білдірді.
"Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде нашақорлық, жезөкшелік, онлайн-казино және порнографиялық контенттің таралуын автоматты түрде анықтап, жылдам блоктауға мүмкіндік беретін нақты бақылау механизмдерін енгізуді ұсынамыз. Медицина білімі жоқ адамдардың адам денсаулығына тікелей әсер ететін өнімдерді жарнамалауына шектеу қою және осындай жарнаманың салдарынан азаматтың денсаулығына зиян келтірілген жағдайда жарнамалаушыға жауапкершілік қарастыруды ұсынамыз", – деді сенатор.
Бұған дейін балық шаруашылығына қатысты маңызды құжат қабылданғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:43, 15 қаңтар 2026
«Соңғы демім қалғанша»: әнші Бүркіт кенже қызына жүрекжарды уәде берді
-
16:37, 15 қаңтар 2026
Мемлекет басшысына қаржы нарығын дамытудың 2025 жылғы нәтижелері мен алдағы міндеттері туралы баяндалды
-
16:32, 15 қаңтар 2026
2026 жылы бизнес нені ескеруі керек
-
16:22, 15 қаңтар 2026
Қостанай облысында қарасора өсіру фактісі анықталды
-
16:13, 15 қаңтар 2026
15 қаңтардағы саудада доллар тағы қымбаттады





