Ішкі істер министрлігі барша ата-аналарға үндеу жасады

12:11, 11 қыркүйек 2024

© Фото: Zakon.kz

2024 жылдың 11 қыркүйегінде Қазақстанның Ішкі істер министрлігі балалар арасында есірткі қылмысының көбеюіне байланысты ата-аналарға үндеу жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айтуларынша, биылғы жылдың сегіз айында ғана полицейлер есірткі таратуға қатысқан 30 кәмелетке толмаған баланы ұстаған.

"Ағымдағы жылдың сегіз айында полиция есірткі таратуға қатысқаны үшін 30 кәмелетке толмаған баланы ұстады. Есірткі жасырумен айналысатын 14 жастағы жасөспірімдер де кездеседі. Олар есірткі қылмысының жекелеген түрлері бойынша ересектермен бірдей қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Полиция қызметкерлері барлық оқу орындарында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Жыл басынан бері 725 мың адамды қамтитын 9738 түрлі профилактикалық іс-шара өткізілді. Басты назарда жоғары сынып оқушылары және ата-аналарынан жырақта тәуелсіз өмірді бастаған 1-2 курс студенттері. Полиция көбіне болып қойған фактілермен жұмыс жасайды. Ал ұсталған жасөспірімдер үшін құқықтық салдар туындайды. Осыған байланысты біз сіздерді балаларыңызбен олардың барлық әрекеттерінің құқықтық салдары туралы сөйлесуге шақырамыз." Бақытжан Әмірханов, ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары

Ол ата-аналар балаларының айналасын біліп, олар пайдаланатын интернет ресурстарын бақылауы қажет екенін атап өтті.

"Жасөспірімдердің өміріне барынша қатысыңыз. Егер олар заңсыз әрекетке тартылса, сізге айтудан қорықпауы керек. Балаларыңыздың ортасын біліп, олар пайдаланатын интернет-ресурстарды бақылауыңыз қажет. Жасөспірімнің заттарындағы кез келген дәрі-дәрмек қаптамаларына, фольгаға, шыны түтіктерге, тамшуырларға назар аударыңыз. Мұның бәрі синтетикалық есірткіні қолдануға арналған құрал бола алады." Бақытжан Әмірханов

Оның айтуынша, егер жасөспірімнің оқу үлгерімі күрт төмендеп кетсе, сабаққа қатыспаулар саны көбейсе немесе олардың әлеуметтік ортасы өзгерсе, ата-аналар сақ болуы керек.

"Егер жасөспірімнің үлгерімі күрт төмендеп, сабаққа бармауы артып, қарым-қатынас айналасы өзгерсе, бұл ата-аналардың күдігін туғызуы тиіс. Есірткіні қолданудың жанама белгілері көңіл-күйдің жиі өзгеруі, ашуланшақтық, апатия болуы мүмкін." Бақытжан Әмірханов

Жасөспірімнің есірткі таратуға қатысы бар екендігінің бірінші белгісі, спикер түсіндіргендей, көп ақша және қымбат сатып алулар.

"Жасөспірімнің есірткі таратумен айналысатынының тағы бір белгісі – көп ақша, қымбат заттарды сатып алуы. Егер баланың телефонында, мессенджерлерде геолокациялары бар белгілер, есірткі жасырылған жерлердің фотосуреттері, үй қабырғаларында, стендтеріндегі басқа да жазбалар болса, бұл да күдік туғызуы керек." Бақытжан Әмірханов

Естеріңізге сала кетейік, есірткі қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан, ал қылмыстардың жекелеген құрамы бойынша 14 жастан басталады, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!